Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған акция

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылдың 31 шілдеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған акция ұйымдастырылды.

Акция аясында жастар волонтерлері арқылы, медициналық мекемелер мен қоғамдық орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған жадынамалар таратылды.

Аталған акцияның басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

0
0
352

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі интернет-конференция өткізеді

2017 жылдың 2-ші тамызы күні сағат 15:00 – 18:00 аралығында Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық диалог» порталында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Жамқамбайұлы Шпекбаевтың қатысуымен интернет – конференция өткізіледі.

Интернет конференцияда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар көтеріледі.

Барлықтарыңызды өтетін шараға белсенді қатысуға, сұрақтар қоюға және өзекті мәселелерді көтеруге шақырамыз!

0
0
414

Акция «Біз адалдықты таңдаймыз!» продолжается!

Акция «Біз адалдықты таңдаймыз!» продолжается!

28 июля 2017 года Департаментом Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Западно-Казахстанской областина базе туристического оздоровительного комплекса «Самал» совместно с областным ресурсным центром по работе с молодежью была организована акция «Біз адалдықты таңдаймыз!».

Основной целью данной акций является формирование антикоррупционной культуры, воспитания патриотических чувств и призыв молодежи к честности и справедливости.

В рамках акции специалистами ресурсного центра был организован тренинг «Кто сильный, кто слабый?». По окончаний акций участниками для передачи эстафеты другому лагерю, были сделаны бумажные самолетики с пожелания и выпущены в небо.

0
0
396

«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда!

«Біз адалдықты таңдаймыз!» акциясы жалғасуда!

2017 жылдың 28 шілдеде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Самал» туристік сауықтыру кешенінде облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп лагерь демалушыларына «Біз адалдықты таңдаймыз!» атты акция ұйымдастырды.

Аталған акцияның басты мақсаты – жастарды адалдық жолына шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Акция барысында ресурстық орталық мамандарымен «Кім күшті, кім әлсіз?» атты тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, акция соңында жастар қағаз ұшақтарға өз тілектерін жазып, акция эстафетасын басқа лагерьлерге жолдады.

0
0
369

Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент)жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойыншаведомствоаралық жұмыс тобының кезектіотырысы өткізілді. Отырыс барысында жасырын сатып алушы тәртібімен жүргізілген талдау нәтижесі бойынша қызмет көрсетушілердің қызметтері туралы және мемлекеттік органдармен ұсынылатын 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған мемлекеттік қызмет сапасының ішкі бақылау бойынша есебіне талдау қорытындысы туралы ақпараттар тыңдалды. Сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген жұмысы жөніндегі ақпараты тыңдалды. Отырыс қорытындысы…

0
0
364

Құқық қорғау органы қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі түсіндірілді

2017 жылдың 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  ұлттық бюросының  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде құқық қорғау органдары   қызметшілерінің қатысуымен  «Мемлекеттік қызмет саласындағы  заңнамалық өзгерістер  және құқық қорғау қызметіне іріктеудің кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Құқық қорғау қызметіне іріктеу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары Нұртазин М.С. қатысушыларға   мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнама талаптарына сай  құқық қорғау қызметіне алғаш түсушілерді іріктеу ерекшелігін нақты түсіндірді.

0
0
372

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 27 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері «Талап» АҚ ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

0
0
264

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелеріқалалық №1 емханасының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0
0
266

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 25 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері №9 «Еркемай» бөбекжайының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
280

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 25 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері қалалық №4 емханасының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу шеңберінде мобильдік топ мүшелері емхананың қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0
0
302