Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді
Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент)жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойыншаведомствоаралық жұмыс тобының кезектіотырысы өткізілді.
Отырыс барысында жасырын сатып алушы тәртібімен жүргізілген талдау нәтижесі бойынша қызмет көрсетушілердің қызметтері туралы және мемлекеттік органдармен ұсынылатын 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған мемлекеттік қызмет сапасының ішкі бақылау бойынша есебіне талдау қорытындысы туралы ақпараттар тыңдалды.
Сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген жұмысы жөніндегі ақпараты тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет сапасының ішкі бақылау шеңберінде жүргізілетін бақылау іс-шараларын жүргізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне түсіндіру жүргізу және де мемлекеттік қызмет сапасының ішкі бақылау бойынша есебін толтыру сапасын арттыру мақсатында орталық атқарушы органдардың мамандарына оқыту жүргізу, сондай-ақ жасырын сатып алушы тәртібімен жүргізілетін талдаулар бұзушылықтарды жою мақсатында бағыттау туралы шешім қабылданды.
