ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі интернет-конференция өткізеді
2017 жылдың 2-ші тамызы күні сағат 15:00 – 18:00 аралығында Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық диалог» порталында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Жамқамбайұлы Шпекбаевтың қатысуымен интернет – конференция өткізіледі.
Интернет конференцияда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар көтеріледі.
Барлықтарыңызды өтетін шараға белсенді қатысуға, сұрақтар қоюға және өзекті мәселелерді көтеруге шақырамыз!
