Джек Лондон «Тектік сарын»
Қырық жыл ғана өмір сүріп, артында жиырма төрт том еңбек қалдырған Джек Лондон әлем мойындаған жазушы. Лондон деген аты-жөнді болашақ жазушыға Джон Лондон есімді өгей әкесі берді. Джек тұрмыстың тауқыметін тым ерте көреді: он жасқа жетер-жетпесте жүгіріп жүріп газет сатады, одан соң бұғанасы сәл қатқан кезде қалбыр заводына қара жұмысшы болып тұрады. Белді майыстырған бұл жұмыстан қолы болмашы босай қалса бірден кітапқа бас қояды. Сөйтіп екі-үш жылдың аралығында жергілікті кітапханада ол оқымаған кітап тым аз қалады.«Тектік сарын» хикаяттың кейіпкері Бэкатты иттің басынан өткен оқиғалар адам аяғы баспайтын, өркениеттен алыс жерлерде өтеді. Бэк адамдардың жақсылығы мен қорлығын көп көреді. Түрлі шытырман оқиғаларға тап болады. Жалпы, хикаят адам мен ит достығын баяндайды.Хикаятты мен осы к…















