Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 791

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

«Рух әміршісі»: А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына виртуалды журнал

#балалар_жылы #Байтұрсынұлы150

Бүгінгі кітапханамыздың қонағы Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Міркемел Айнұр Мұратқызы сіздерге А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесімен таныстырады.

0
0
707

Құрметті әріптестер!

Өзгертілген Негізгі Заңымыз елдің тұтастығы мен тұрақтылығы,кепілі ретінде халықтың бірлігін бекемдеп, елдегі татулық пен төзімділіктің тұтқасы болғай деп сенеміз! Жұмыста Сіздерге толағай табыс, жаңа жетістіктер, отбасыларыңызға зор денсаулық, береке тілейміз!

0
0
804

Бауыржан Қарағызұлы «Ұлы даланың ұландары»

Қазақ поэзиясының танымал қаламгері Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген.Бауыржан Қарағызұлы – өз дауысымен, өзгеше қолтаңбасымен, ерекшеленетін талантты ақын. Көптеген әдеби байқаулардыңжеңімпазы.

Ақынның«Ұлы даланың ұландары» жинағы «2021 – балалар әдебиеті жылы» деген сериясымен шыққан. Кітап екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім балаларға арналған өлеңдер, екінші бөлім ересектерге арнап жазылған өмір жайлы ой-толғаныстар.

Сен ақылды баласың,

Ертең өсіп толасың.

Ел тарихын зерттеген,

Бәлкім, ғалым боласың.

Тарихына сыр тұнған,

Өнеге ал ұлтыңнан.

Біліміңе тамсанып,

Ел мақтасын сыртыңнан.

Кітапханаға келіңіздер, қаламгерлермен танысыңыздар!

0
0
669

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті #Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді #Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері #Балаларға_арналған_әдебиеттер #Балалар_шығармалары #Балаларға_арналған #Дәйексөздер #Балалар_әңгімелерінен_үзінділер #Үзінділер

0
0
525

Ойла: Дуэк К. Ойлау табысқа жетудің жаңа психологиясы

Өміріңіздің мәнді болғанын қаласаңыз, ойыңызды өзгертіңіз. Өзгеруді өзіңізден бастаңыз. Ойлау жолыңызды қайта қарастырыңыз. Болашаққа сеніммен қараңыз, талпыныңыз, үйреніңіз, мақсатыңызға жету үшін аянбай еңбек етіңіз. Осылайша сіз үлкен жетістікке жетесіз. Автордың айтқысы келгені осы. Кітап жеке өсуге бағытталған. Ересектер мен балалар психологиясының дамуы, ойлау тәсілін өзгерту мәселелері жан-жақты зерттеледі. Автор ғылыми зерттеулер мен конференциялардың, семинарлар мен лекциялардың материалдарына көп көңіл бөледі. Ойын мысалдарын қолдана отырып, ол бұған қалай қол жеткізілетінін айтады. Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.

0
0
772

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті #Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді #Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері #Балаларға_арналған_әдебиеттер #Балалар_шығармалары #Балаларға_арналған #Дәйексөздер #Балалар_әңгімелерінен_үзінділер #Үзінділер

0
0
638

Әдеби бағдарлама: Рүстем Сауытбай «Шоко әлем»

#балалар_жылы

Сәлемтетсіздер ме, құрметті оқырмандар! Әдеби бағдарлама аясында сіздердің назарларыңызға Рүстем Сауытбайдың «Шоко әлем» атты фэнтези кітабын ұсынатын боламыз. Кітап 2021 жылы Алматы қаласында «Порлиграфкомбинат» баспасында басылып шыққан. Автор Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасы. Ең қызығы осы шығармада орын алатын оқиғалар да Арқалық қаласына жақын Амантоғай ауылында орын алады. Оқиға желісі бойынша оқушы балалар Эля мен Райл жазғы каникулда әжесіне қыдырып барады. Ауылда табиғат аясына қыдырып барғанда балалар ойнап жүріп, сиқырлы үңгірге тап болады. Олар үңгірдің ішінде шоколадтан жасалған әлемге кез болады. Одан әрі олар қызықты да шытырман оқиғаларды бастан кешіреді. Шоко әлемді сезінгілеріңіз келсе, кітапхана келіңіздер, оқыңыздар.

0
0
876

Көкейтесті Сухбат: Бибігүл Латыпова, Айгерим Альмаганбетова

#балалар_жылы

2 тамызда Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары Альмаганбетова Айгерим Кауазовна мен Латыпова Бибигуль Казыбаевна Алау телеарнасында қонақта болып, өз жұмыстары, жаңа жобалар, кітап жаңалықтары, жазушылармен кездесулер және т. б. туралы әңгімеледі.

2 августа библиотекари Костанайской областной библиотеки для детей и юношества им. И. Алтынсарина Альмаганбетова Айгерим Кауазовна и Латыпова Бибигуль Казыбаевна были в гостях на телеканале Алау, где рассказали о своей работе, о новых проектах, книжных новинках, встречах с писателями и о многом другом.

0
0
507