Әдеби бағдарлама: Н. Ақыш «Тау ішіндегі тауқымет»
Құрметті оқырмандар, бүгінгі шығарылымда назарларыңызға танымал жазушы Нұрдәулет Ақыштың «Тау ішіндегі тауқымет» шығармалар жинағын ұсынатын боламыз. Жинаққа жазушының жас жеткіншектерге арналған әңгімелері мен хикаяттары енгізілген. Хикаяттардың қай-қайсысы да тосын оқиғаларға толы, кейіпкерлердің мінез-құлқы қызықты да шиеленісті оқиғалар ішінде ашылып отырады. Кітапханаға келіңіздер, бұл кітап өз оқырманын күтуде.
