Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 790

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

"Таза бұлақ" жинағының тұсаукесері

22 желтоқсанда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханада 2021 жылы өткен Ыбырай Алтынсарин атындағы I республикалық байқаудың финалистер жинағының тұсаукесері өтті. Бұл жинақ байқаудың маңызды нәтижесі болып табылады және оны басқа әдеби байқаулардан ерекшелендіреді. "Таза бұлақ" жинағына А. И. Суслов, Қ. Қайым, Ә. Байбол, Д. Жантемірова және т. б авторлардың шығармалары енген.Тұсаукесерде балалар қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпазы Александра Ильинична Суслова сөз сөйледі. Іс – шарада облыс және республика кітапханашыларына байқау финалистерінің шығармашылығын таныстыратын "Жаңа кітап - жаңа әлем" атты кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, жинақтың иллюстраторлары марапатталды,олар: А. И. Никифорова атындағы өнер мектебінің оқушылары,…

0
0
758

Назар аударыңыздар!

Мультфильмдер – бұл, әр баланың соның ішінде болуды армандайтын қызықты әлем. Бұл әлемге өзің мультфильмді жасау арқылы енуге болады. Барлық қатысқысы келетін балаларды қызықты мультипликация әлеміне шақырамыз!

Әр бейсенбі сағ: 11:00 және 15:00

Мекен-жайымыз: Қасымқанов көшесі 74.

тел: 54-11-61

ВНИМАНИЕ!

Мультфильмы — это увлекательный мир, в котором мечтает побывать каждый ребёнок. Попасть в этот мир возможно, создавая мультфильмы самим. Приглашаем всех желающих в увлекательный мир мультипликации.

Ждём вас каждый четверг в 11:00 и 15:00.

Наш адрес:

ул. Касымханова, 74

тел: 54-11-61

0
0
416

Қаспий теңізінің жануарлары

Онда таулы жоталар мен тасты жазықтықта табиғат інжу-маржаны – Қаспий теңізі бар. Оның жағалауында және суында бірегей жануарлар, құстар мен балықтар мекендейді. Бұл біздің байлығымыз, оны біз көзіміздің қарашығымыздай сақтауымыз керек.

«Біздің әрқайсымыз, ересек адам да, бала да табиғат қорғаушысы бола аламыз. Ол үшін өз өлкемізді қадір тұтып, табиғатты ластамау қажет, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасау, ағын суларды, көшелерді таза ұстау – бізідң парызымыз. Осындай байлықты келешек ұрпаққа аманат етіп жеткізу үшін туған жерді ыстық ықласпен сүю қажет.» - деп өте жақсы үндеу кітапта жазылған.

0
0
603

Балалар өлеңдерінің тамшылары

https://disk.yandex.ru/i/dn63hfgnPWurjw

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе / Ақпараттық-библиографиялық бөлім.- Қостанай: Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК, 2022. - 26 б.

Әдеби күнтізбеде қазіргі таңда кішкентай балалар үшін қалам тербеп жүрген жас талантты қаламгерлердің өлеңдері ұсынылған. Осындай жас заманауи дарынды қаламгерлерді оқырмандар біліп,танып, оқып,жаттап жүрсін деген мақсатта құрастырылған. Күнтізбе бастауыш сынып оқушылары мен жалпы кіші жастағы оқырмандарға арналған.

Құрастырған Зоя Кенжигарина

Суретші Оксана Франко-Косинская

2022ж.

0
0
674

«Менің Тәуелсіз Қазақстаным»

15 желтоқсанда №24 а мектебінің 4 сынып оқушыларымен «Брейн-ринг» интеллектуалдық сайысы өтті.

Оқушылар ойын тақырыбына сенімді және тарихқа үніліп нақты жауап бере отырып, өз білімдерін көрсете алды. #балаларжылы

0
0
547

Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Менің Тәуелсіз ҚазақстанымМектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылар бөлімінде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны өткізілді. Мұндай шара жастардың көшбасшылық қабілетін арттыруға, логикалық жылдам ойлауға, өзін-өзі тану мен дамытуға ықпал етеді.Ойынға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" Коммуналдық мемлекеттік мекемесінен, 6 сынып оқушыларынан 2 команда қатысты. Сайысқа қатысқан әрбір ойыншы ойынның тақырыбы бойынша сенімді және нақты жауап беру арқылы білімін көрсете білді. Нәтижесінде жүлделі І орынды «Алаш» командасы жеңіп алды.Брейн-ринг жоғары деңгейдегі білім мен білімділікті көрсететін ойын. Сондай-ақ, оқушылар арасында өзара байланысты жақсартуға үлесін қосадыОй…

0
0
749

Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылар бөлімінде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның қорытындысы бойынша Қазақстанның тарихы, дәстүрлері мен әдебиетін білуде №1 МЛ 4 «Д» сынып оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. Достық жеңді.

В отделе для дошкольников и младших школьных классов была проведена интеллектуальная игра «Брейн-ринг» посвященная дню независимости Казахстана. Учащиеся 4 «Д» ШЛ №1, по итогам которой показали неплохой результат в знании истории, традиций и литературы Казахстана. Победила дружба. #балаларжылы

0
0
602

Әдеби бағдарлама: ОТБАСЫ баспасы жобасы

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Әдеби бағдарлама аясында сіздердің назарларыңызға «ОТБАСЫ хрестоматиясы жобасы» шеңберінде басылып шыққан кітаптар топтамасын ұсынатын боламыз. Жобаның авторы - Абзал Құспан. Жинақтарда әлем классиктерінің шығармаларының қазақ тіліне аударылған шығармалары берілген. Бұл шағын кітапшалар әсем бейнеленген, қаріп түрі ірі, анық. Мысалға алатын болсақ, Тургеневтің "Муму" шығармасы, Дефоның "Робинзон Крузо" шығармасы. Қазақ тілді оқырмандар үшін, әлем жазушыларының шығармаларымен танысуға мол мүмкіндік. Сондықтан да, кітапханаға келіңіздер, оқыңыздар.

0
0
661

Ұлт ұстазы

7 желтоқсандаЕресек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы» брейн-ринг ойынының 2 кезеңі өткізілді. Сайыстың бірінші бөлімінде жеңіске жеткен қаламыздың М. Хакімжанова атындағы №20 орта мектебі мен №10 жалпы білім беретін орта мектебі кездесті. Ойын 6 кезеңнен тұрады. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, өлеңдерімен танысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешіп, мақалдарының жалғасын тапты.Сайыс қорытындысы бойынша М.Хәкімжанова атындағы №20 мектебі жеңіске жетті. Оқушыларды ойынға дайындап, серіктестікке көмек көрсеткен мұғалімдер де алғыс хатпен марапатталды. Зияткерлік ой…

0
0
440