Мазмұнға өту
alpamis

Алпамыс Батыр

@alpamis

Сайтта 2011 ж. 9 қаңтарКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

67

пікірлер

287

тіркелуші

11

жазылымдар

5

хадистер - (Риязус-салихин кітабынан)

Айша анамыз (р.а.): «Бірде мен: Уа, Аллаһтың елшісі! Біз (әйелдер қауымы) Аллаһ жолындағы күресті амалдардың ең абзалы деп білеміз. Олай болса, біз де Аллаһ жолындағы күреске қатыспаймыз ба?  дедім. Сонда Ол (с.ғ.с.): Сендер үшін ең абзал жихад  қабыл болған мінсіз қажылық  деп айтты»  деген.
(Риязус-салихин кітабынан)

Айша анамыз (р.а.): «Бірде мен: Уа, Аллаһтың елшісі! Біз (әйелдер қауымы) Аллаһ жолындағы күресті амалдардың ең абзалы деп білеміз. Олай болса, біз де Аллаһ жолындағы күреске қатыспаймыз ба?  дедім. Сонда Ол (с.ғ.с.): Сендер үшін ең абзал жихад  қабыл болған мінсіз қажылық  деп айтты»  деген.

(Риязус-салихин кітабынан)

 

0
0
602

хадистер - (Риязус-салихин кітабынан)

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Қиямет күні Аллаһтың құлы амалдарының ішінен ең алғаш намазынан сұралады. Егер оқыған намаздары дұрыс әрі қабылдыққа жазылған болса, жақсылыққа кенеліп, көздеген мақсатына жетеді. Ал, егер намаздары нашар әрі жарамсыз болып шықса, дегеніне жете алмай қапыда қалады. Ал енді оқыған парыз намаздары кем-кетіктері болып жатса, Ұлы Раббымыз періштелеріне: Құлымның кем болып қалған парыздарын толықтыратын қосымша оқыған нәпіл намаздары бар ма екен? Соған қараңдар деп бұйырады. Содан кейінгі амалдары да дәл солай қаралады деп айтты» деген. 


0
0
554

(Риязус-салихин кітабынан)

Әнәс (р.а.): «Бірде намазға тұру үшін қамат түсірілген соң, Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) жүзін бізге қарай бұрды да: Саптарыңды түзеп, араларыңды тығыздаңдар. Расында мен сендерді артымда тұрсаңдар да көрудемін  деп айтты»  деген.
(Риязус-салихин кітабынан)

 

0
0
344

Азиада, сайттағы қателіктер

Құрметті халайық.

Азиада ойындары мәресіне де жетті. Қазақстандық спортшылар командалық есеп бойынша бірінші орында.

Бүткіл спортшы қауымды және бүткіл Қазақстандықтарды осы үлкен жеңіспен құттықтаймын!!!

Алайда, осы қысқы олимпиаданың ресми сайтындағы (http://www.astana-almaty2011.kz) мынандай өрескел қателікті қалай жібергендерін түсінбей отырмын.

Сайттың қазақшасында да орысшасында да Қырғызстан мемлекетін жазғанда қате жіберіліпті. Оны қалай аңғармаған?

Қырғыз ағайындар ренжіп жүрмейді ме?

орфографиялық қателіктер

 

қазақшасы

0
0
774

(Риязус-салихин кітабынан)

Хасан ибн Али ибн Абу Талиб (р.а.): «Расулуллахтын (с.г.с.): Куманді нарсені тастап, кумансіз болганды тандагын. Шынында турашылдык  жан дуниенін тыныштыгы. Ал отірік  конілдін кудігі (ягни, конілге куман уялатады)  деген осиетін кокейіме туйіп алдым»   деген.
(Риязус-салихин кітабынан)

Хасан ибн Али ибн Абу Талиб (р.а.): «Расулуллахтын (с.г.с.): Куманді нарсені тастап, кумансіз болганды тандагын. Шынында турашылдык  жан дуниенін тыныштыгы. Ал отірік  конілдін кудігі (ягни, конілге куман уялатады)  деген осиетін кокейіме туйіп алдым»   деген.

0
0
598

(Риязус-салихин кітабынан)

Уасыба ибн Магбад (р.а.): «Бірде Аллах елшісіне (с.г.с.) барганымда маган: Ізгілік жайлы сурауга келдін бе?  деп жылы шырай танытты. Мен: Иа  дегенімде, маган: Журегіннен сура. Ізгілік  жан дуние мен журектін тыныштыгы. Ал, куна (ягни, жамандык)  жан дуние мен журектін елегізген беймазалыгы. Озге адамдар канша жерден патуа беріп, болады десе де, бул солай (ягни, кім не десе де, сен озіннін журегінді тындап, куманді нарселерден аулак бол)  деп айтты»  деген.
(Риязус-салихин кітабынан)

Уасыба ибн Магбад (р.а.): «Бірде Аллах елшісіне (с.г.с.) барганымда маган: Ізгілік жайлы сурауга келдін бе?  деп жылы шырай танытты. Мен: Иа  дегенімде, маган: Журегіннен сура. Ізгілік  жан дуние мен журектін тыныштыгы. Ал, куна (ягни, жамандык)  жан дуние мен журектін елегізген беймазалыгы. Озге адамдар канша жерден патуа беріп, болады десе де, бул солай (ягни, кім не десе де, сен озіннін журегінді тындап, куманді нарселерден аулак бол)  деп айтты»  деген.  

 

0
0
955

Шайтандардың жиналысынан

Ібліс бүкіл шайтандармен жиналыс ұйымдастырып оларға былай деді:

«Біз мұсылмандардың мешітке баруына кедергі бола алмадық. Олардың Құран оқуына, ізгі істер жасауына да кедергі бола алмадық. Ең бастысы олардың әрдайым Хақ Тағаланы және сүйікті елшісі Мұхаммедті ойлауына тосқауыл қоя алмадық. Олардың Аллаһ Тағаламен байланысы өте қатты, үзе алмадық»
«Олай болса, мейлі мешітке барсын, бір-бірлеріне арқа сүйеп, ауызбіршілікте болсын. Бірақ, олардың алтын уақыттарын ұрлаңдар! Осылайша олар Аллаһ Тағала мен пайғамбары Мұхаммедті ойлайтын және иманын нығайтатын уақыт таба алмасын. Сізден қалайтыным  осы!»  деді Ібліс.
Иә, иә күні бойы Аллаһты ойлайтын, иманын нығайтатын уақыт таба алмасын! Оларды бос қалдырмауға тырысыңдар! Сол сәт бүкіл шайтандар:
«Мүны қалай іске асырамыз?»  деп шулады.
«Олардың ақылойын ылғи кішкентай нәрселермен толтырыңдар» деп жауап берді Ібліс.
«Оларды ақша жұмсауға итермелеңдер, жұмсап, жұмсап қарызға белшесінен батсын»
«Әйелдерін сыртта жұмыс істеуге итермелеңдер, оған қоса күйеулері де аптада 6-7 күн, 10-12 сағаттан жұмыс істесін. Осылайша олардың өздеріне және жанұясымен бірге болатын бос уақыты қалмасын.»
«Олардың балаларымен бірге уақыт өткізуіне кедергі болыңдар, үйдің өзінде жұмысын ойлайтын халге жеткізіңдер. Бастары қатып Аллаһпен бірге болуға шақыратын кішкентай дауыстың өзін ести алмайтын халге душар болсын. Ылғи музыка тыңдауға үгіттеңдер, жұмыста, машинада радио, магнитофон тыңдасын, үйлерінде әрдайым теледидар, видео, компьютер қосылып тұрсын. Мейрамханаларда, дүкендерде де музыка ойнасын. Осылайша олардың ақылойы басқа жақта болып, Аллаһ пен Пайғамбары Мұхаммедті ойлауға шамалары келмей қалсын.»
«Үстел үстінде ылғи газетжурналдар тұрсын, сол жаңалықтар 24 сағат бойынша ойларынан кетпей қойсын, машина айдағанда уақыттарын босқа өткіздіру үшін жарнамаларды қолданыңдар!
«Олардың электронды пошталарын жарнамалармен, керексіз хаттармен үйіп тастаңдар, оларды өшіру үшін де уақыт жоғалтсын»
«Журнал мен теледидар экрандарында көздің жауын алатын әдемі, сұлу қыздардың суреттерін қолданыңдар, осылайша еркектер шын мәніндегі сұлулықтың осы екеніне сеніп, уақыт өте әйелдерін ұнатпайтын дәрежеге жетсін!»
«Мұсылман әйелдерінің ылғи шаршап жүруіне ықпал жасаңдар, осылайша олар күйеулеріне деген сезімін көрсете алмасын, әрдайым бастары ауырсын. Әйелінен ілтипатсезім көре алмаған күйеуі бақытты сыртта іздесін, бұл да шаңырақтың тез арада шайқалуына себеп болады»
«Оларға мағынасыз нәрселерге толы хикая кітаптарын беріңдер, балаларына өмір сүру мен иманның маңызын түсіндірудің орнына осы кітаптарды оқып берсін»
«Аллаһтың жаратқандарын көруіне, Оның құдыретін таныпбілуіне тосқауыл болыңдар, ғалам мен табиғаттың жаратылысындағы ғажайыпты байқамасын, түсіне алмасын»
«Оларды көбіне жабық жерлерге баруды үгіттеңдер, концертке, киноға көп барсын, айтқанымдай оларды бос қалдырмау керек»
«Өзі сияқты мұсылман достарымен кездескенде оларды өсек-аяңға итермелеңдер, нәтижесі үрыс-керіске апаратын тақырыптарда сөз қозғаттыруға тырысыңдар, қоштасарда көңілдерінде кірбің үяласын»
«Өмірлерін өте тамаша және керемет етіп көрсетіңдер, сөйтіп Аллаһты және Оның құдірет күшін ойлайтын жағдайда болмасын! Барлық нәрсеге және бақытты өмірге тек өздерінің күш-қуаттарының арқасында жеткеніне сеніп бақсын. Берілген нығметтерге, денінің саулығына шүкір ету керектігін ұмытсын»
«Міне, үлкен жоспар осы,барлық жерде мұсылмандардың қол-аяғын шырмап, уақыттарын бос өткізулері үшін аянбай еңбек етіңдер, Аллаһты ойлауға мұрша бермеңдер! Басқаларымен Аллаһ және Пайғамбары Мұхамед жайында сөйлеспесін!»
Сіздің ойыңызша, шайтан бұл ісінде жетістікке жетіп жатыр ма? Шешімді өзіңіз қабылдаңыз...

0
4
658