Муғира ибн Шуғбадан
Муғира ибн Шуғбадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Аллаһ тағала аналарыңның тілін алмауды, бересіні өтеуден бас тартуды, өздеріңе тиесілі болмаған дүниеге қол сұғуды және қыз нәрестелеріңді тірідей көмуді харам қылды. Сондай-ақ, сендер үшін нақты білгенді емес, естігенді сөз етіп, өсек айтуды, орынсыз көп сұрақ қоюды, дүние-мүлікті оңды-солды шашып, ысырап қылуды жағымсыз істерден қылды - деп айтты» - делінген.(Бухари, Муслим риуаят еткен)
