Мазмұнға өту
aliziyadin

Dinmukhamed Ziyadin

@aliziyadin

Сайтта 2010 ж. 27 сәуірКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

55

пікірлер

133

тіркелуші

23

жазылымдар

20

Шу-Чу. «Біртүрлі» фильм

Да, я экспериментировал с марихуаной раз или два. Но мне это не понравилось, и я не затягивался. Билл Клинтон Неге екенін кім біледі, бірақ, отандық киноөндірістің өнімдері көп жағдайда бірсипатты болып келеді. Әлде біздің көз солай көре ме, әйтеуір, аяқ-басы емес, ортасынан қарасаң, қайсысының қайсысы екенін ажырата алмай қалып жатасың. Тек соңғы жылдары жылтыратып көз ашқан, нұқып-нұқып қана көрсетуге болатын бірді- екілі туынды ғана қазақстандық киноның аңызақ даласына тамыр жайған жаңа өсімдікті елестетеді. «Шу-Чу», міне, осындай фильм. Ал, оның қандай өсімдік екенін ішіңіз сезетін шығар. Бір өзі сценариймен бас қатырған, режиссер болған, қатігез капитанды сомдаған Жантемір Баймұхамедов «Жантиктың» маңдайына жазған фильмы бізге «біртүрлі» көрінді. Әуелі, анау бір кезден бері ой мен қы…

9
4
866

"Казахи"-дің қазақы қалжыңы

Бүгінгі айтпағым атын "Астана KZ-тен" "Казахи-ға" ауыстарған КВН-дағы қазақтардың командасы туралы болмақ. Және әңгіме тек жақсы бағытта өрбиді деп күте беріңіз. Себебі... Себебі, менің жеке пікірім бойынша, біздің топ ТМД көрермендері арасында да, әділқазылар арасында да КВН-де өзіндік бет-бейнесі бар, жаңа бағытта өнер көрсететін топ ретінде қабылданады. Ал олардың жаңашылдығы - қазақылығында. Өткір, зиянсыз, жеңіл, шымшыма, астарлы, тауып айтылған қалжың ертеден-ақ ел арасында кеңінен таралған. Бір мысал ретінде Абай мен Көкбайдың арасындағы қалжыңдарын келтіруге болады. Енді ол осы қыз-жігіттердің арқасында елден сыртқа да танылып жатыр. Басқаны қайдам өзім осы команданың сахнадағы ойынын көріп отырып айызым қанады. Нұрланның күлкісі мен Тұрсынбектің "қуғаны", Гүлнәрдің дауысы, Яросла…

0
1
494

Шындық

Басталмақ - шындық. Басталғанның аяқталмағы да шындық. Бағаның берілері де шындық. Берілмей қоймасы да шындық. Ерте ме, кеш пе кез келген дүниенің  шырқау шегіне жетері де шындық. Бұдан соң құлдырау болатыны да шындық. Адам өзіне қарамаса я ақылы ауысады, я тәні жарамсыз дүниеге айналады. Бұл да шындық. Мұндай адам бар, ол да шындық. Және олар көп, бұл да шындық. "Алыстап кеттің, қарғам-ау"... Шындық дегеніміз арман. Бірақ, арман шындық емес. Нағыз ақиқат ылғи да кешігіп жүреді. Ондай ақиқаттың бізге керегі жоқ. Бізден басқа да әлемдер, ол шындық. Менің сөзіме қосыла қоймайтындар бар, ол шындық. Олардікі де шындық. Менікі де шындық. Шындық өтірік сияқты - оның да неше түрі болады. Нағыз шындық, ол сенімге ие болған ақиқат сөз немесе іс-әрекет, тек оны өтірікпен шатастырмаса болғаны.…

0
0
1019

Бір өлең

Бұлыңғыр күндер бұлдыры,

Күлкіңнің күміс сыңғыры,

Сарғайтып кетті, сағынтып

Жаныңның жібек сыбдыры …

Мұңымның мынау шынжыры,

Сырымның анау сылдыры,

Қалғандай көштен адасып,

Күллі жетімнің тұлдыры

Өзім болдым, құрғыры…

23.10.2008

0
2
349

Тағы бір өлең

avaamның "СУЖ" атты жазбасынан кейін осы бір өлеңді қайта жариялағым бек келіп кетті... Жайдым қағаз, алдым қалам хат жазбаққа өзіңе. Бұл бір әлде бұйығы мұң буындырған кезім бе? Қағып-қағып қалың ойдан киелі сөз таппаса, Құр жылаған, құр булыққан бұл сезімім сезім бе!? Сыр мінез, сыйлы, сыралғы жолдас, жалғызым, Сағынамын сені күн батар кештен таңға ұзын. Алақан жүрек алаулап сүйген, ардақтым, Берем бе сені балаған мыңға хан қызын!? Аялы, аппақ алақаның... Сағындым да  тот бастым... Сен бар жерде  бұл жалғанда, мен де бекер жатпаспын. Құлдыраң қаққан жұмыр жерді шырқ айналып шықсам да, Сенен артық, сірә, біреу таппаспын-ау,таппаспын... Жүректі кеп сыздатады сылдыр сезім,жасық мұң, Сен бар жерге, сырым менің, алып-ұшып, асықтым. Кейде тұман, кейде мұнар, кейде шуақ мінезің, Сол…

0
0
710

Темекінің әңгімесі

Әлі есімде...ол кезде баламыз,шамамен 3-4 сыныпта оқитын шығармын...көрші үйдің Руслан дейтін ұлымен бірігіп алып "темекі тартқанымыз"... Онда да қайбір жетіскен иісі бұрқыраған, түтіні қою темекі дейсің, шөптің қураған собығының басына сіріңке жағып, екінші жағынан сорып, ащы түтінге булығатын да жататынбыз...Сол кезде өзімізді керемет ересек сезінуші едік)))

Екінші курста ерігіп отырып темекі тартып көрдім.  Содан "жынданып отырып" екі жыл тарттым. Шыны керек, темекімен менің бозбалалықтан ересектікке өту кезеңім байланысты. Сондықтан темекінің иісі сол бір кездегі қызық пен шыжыққа толы сәттерді көз алдым әкеледі...

Неге екенін білмеймін, бірақ, темекіге тек негативті түрде қарай алмаймын...

Ал Сіз темекі тартасыз ба?

Бұртиған ауыз, қалған көңіл...

Біреу болмаса біреу пікір айтар деген көзқараспен уордпрестег блогым мен дәптерімде шаң басып жатып қалған өлеңімді жариялап отырмын: Саған қанша талпынсам да, сиқыр-бейне сырлы аспан, Санасыздау нәпсім мені кері тартады тынбастан, Аппақ-аппақ сезімдерді, ауыр-ауыр ойларды Бір жексұрын жынығулар жиектейді жылбасқан. Саған қарап ынтық болдым, жұлдыз таққан түнгі аспан, Мұнар-мұнар сағымдарда санамды ой, мұң басқан. Пенде-ниет, пенде-қиял, пенде-өмір—күнәһар Пенде-өлімнің көріменен шекаралас, ұласқан. Сол шекара, сол екі ара сынға түсер шағым бұл. Құрғыр өмір бас бермейді, қияс тартып, қағынғыр. Ең соңғы күн қайда боламын, қайда тыншу табармын, Ең салмақты осы-ау деймін, ал қалғаны сағым құр. Саған қанша сыр айтсам да, білесің бе, мұңды аспан? Жетпейді үнім жәндік құрлы бола да алмай тырмас…

0
8
814

Кіріспе сөз

Мен өзі блогқа жарымадым.

Вордпреске барып едім, ол ашылмай қалды, блогспотқа келіп едім, бұл ашылмай қалды, майл.ру-ды түсінбей шаршадым,  енді осында келіп отырмын. Сұмырай келсе су құриды деген бар, менің кесірім енді yvision-ге тимес деген үміттемін.

Әзірге блогымның бағыт-бағдарын, сипатын толық анықтай қойған жоқпын, алайда жақын маңда бір жағыма қарата қисайып қалармын деген үмітім зор.

Сонымен...