ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

"Мүшәйра" Республикалық жас ақындар байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі

30 қазан күні, сағат 15: 00-де, Қазмедиа Орталығының киноконцерт залында, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында, "Мүшәйра" Республикалық жас ақындар байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтеді.
Бұл жобаға 14-29 жас аралығындағы еліміздің түпкір-түпкірінен 336 өтінім түсіп, 230 адам қатысты. Байқаудың тақырыбы - "Қазақстандағы жастар жылы" болғандықтан, жас ақындар бар өнерін ортаға салды.
Байқаудың іріктеу кезеңінен Республиканың әр өңірінен жүзден жүйрік атанып 50 ақын Нұр-Сұлтан қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.
30 қазанда аталған конкурстың нәтижелері жарияланады.
Бұл жобаның мақсаты жастардың шығармашылық ізденісін арттыруға ықпал ету, жас жазушылардың, ақындардың, журналистердің және басқа да санаттағы жастардың шеберлігін жақсарту, жаңа есімдерді анықтау, олардың шығармашылығын қолдау, тәуелсіз елдің, оның тарихи өткен және жарқын болашағының жетістіктерін дәріптеу, жастардың шығармашылық дамуына жағдай жасау болып табылады.