Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Соғыс ардагерімен кездесу (канвассинг)

Түске таман Ұлы Отан соғысының ардагері, бірнеше ордендер мен медальдардың иегері, шекарашы Боқаев Бисен ақсақалдың үйіне бардық. Аман-саулық сұрасқасын, әкеміз өз өмірінен біраз әңгіме айтты. Ағайын болып шықты. 30-шы жылдары ел Түрікменстан жаққа ауғанда, сегіз жаста екен. 1942 жылы әскерге шақырылып, Бессарабия, Румынияны азат етуге қатысыпты, Яссы-Кишинев операциясында шайқасқан. Соғыс біткесін 1949 жылға дейін КСРО шекарасын күзетуге қалдырылған екен. Армияда комсомол ұйымын басқарып, партияға да өтіпті. Бисеке "Екеуміз онда партиялас болып шықтық, мен де 1989 жылы армияда КПСС мүше болып едім" деп әзілдестік. Ақсақал мән-жайды білгесін "Айналаның бәріне айтамын",Nur Otan дұрыс қой" деді. Ас ауыз тиіп, әкеміздің батасын алып, қоштасып жатырсақ, бір кішкентай шөбересі маған "Ата сау болыңыз" деп қолын бұлғады. Артыңа қарап қартаясың деген осы!

Жасалып жатырған шаруаның бәрі, осы артта келе жатырған ұрпақ үшін!

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
122

Осы тақырып бойынша

Соғыс ардагерімен кездесу (канвассинг) - Yvision.kz