Перейти к содержимому
aktau.nurotankz

aktau.nurotan.kz

@aktau.nurotankz

Сайтта 2020 ж. 4 қарашаКазахстан, Актау

Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

2 642

пікірлер

0

тіркелуші

23

жазылымдар

59

Құрметті ауыл шаруашылық еңбеккерлері және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері!

Құрметті ауыл шаруашылық еңбеккерлері және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері! Қадірлі еңбек ардагерлері! Сіздерді егемен еліміз айрықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Халықтың «Ас атасы - нан» деген дана сөзінің терең мағынасы өмірдегі қоғамның барлық даму кезеңдерінде құпталып келеді. Осы мерейлі мереке күні сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға бақ-береке, әр бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

0
0
138

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері! Сіздерді, Ұлттық валюта – теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, алдағы уақытта да еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспіз.

0
0
181

БПҰ "Казатомпром - МАЭК" қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді.

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы “Салауатты өмір салты" тақырыбында қызметкерлердің ұйымшылдығын арттыру, дене шынықтыру дайындықтарын күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздеген спорттық шараға БПҰ "Казатомпром - МАЭК" қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің табандылықтарын, ептіліктерін және төзімділіктерін көрсетті. Шараны өткізудегі мақсат – қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу, үнемі байланыстырып отыратын осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

0
0
118

Қарашаның 13-і Халықаралық зағиптар күні

Қарашаның 13-і Халықаралық зағиптар күні

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ол 20 ғасырдан бастап аталып өтуде. Мақсаты көзі нашар және мүлдем көрмейтін жандарға қолдау көрсету. Күн сәулесін бір сәтке болса да көру – зағиптар үшін өмірдегі баға жетпес, ең асыл арман. Айналадағыны тек сипау арқылы ғана сезіп, көкірек көзімен көруден басқа қолдан келер қайран жоқ. Алайда, олар - жазмыштың жазғанына жасымайтын қайсар жандар. Сол қасиеттерінің арқасында өнерге деген ынталары қайта арта түспесе, кеміген емес. Елімізде зағип және нашар көретін азаматтардың қоғамдық-рухани белсенділіктері дені сау азаматтардан кем емес екендігіне анық көз жеткізе аламыз.

0
0
133

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ЖҚЖӘБ,білім беру және денсаулық сақтау бөлімдерімен онлайн кездесу

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру және денсаулық сақтау бөлім мамандарының қатысуымен Онлайн режимінде кездесу өтті. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы маңызы бар мәселелерді талқыланып, өзекті мәселелер қозғалды.

0
0
163

"Nur Otan" партиясы АҚФ«Бақытты отбасы» «Отбасындағы алғашқы бала» жобасы аясында онлайн-семинар

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы «Бақытты отбасы» «Отбасындағы алғашқы бала» жобасы аясында жас отбасыларға арналған онлайн-семинар өткізілді. Семинар барысында жарасымды отбасы, үлгілі әке мен ана, бала тәрбиесі қарастырылды. Онлайнға қатысушы жастардың айтуынша, отбасы бақыты – сыйластықта, кілті – өзара түсіністікте. Адам баласы дүниеге шыр етіп келген сәттен-ақ ең алдымен ата-анасының алтын қолына, қамқорына түседі. Енді ол да, бұл отбасының ажырамас бөлігі. Туған жанұясы, сәбинің ең алғаш кішкентай Отанына айналады. Шынында да, отбасы әр адам үшін сыйластық пен жарастық орнаған орта, кішкене мемлекет. «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкелі…

0
0
202

"Nur Otan" партиясы АҚФ Эпидемиологиялық жағдай жөніндегі қалалық штабтың кезекті отырысы өтті.

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы Эпидемиологиялық жағдай жөніндегі қалалық штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірлері талқыланып, ақпарат, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл және этносаралық қатынастар салаларындағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар тыңдалды.

0
0
124

Биыл ұлы ақын және ойшыл, қазақ халқының ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.

Биыл ұлы ақын және ойшыл, қазақ халқының ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.

Ұлы тұлға шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жоғары бағасын алуда.

Абай – жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедия секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады. Абай философиясы өзінің халқы, мәдениеті мен тілі туралы дана ойларымен қазақстандықтардың кейінгі ұрпақтары үшін баға жетпес мұраға айналды.

0
0
144

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жылӘл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөнін…

0
0
159