Биыл ұлы ақын және ойшыл, қазақ халқының ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.
Биыл ұлы ақын және ойшыл, қазақ халқының ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.
Ұлы тұлға шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жоғары бағасын алуда.
Абай – жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедия секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады. Абай философиясы өзінің халқы, мәдениеті мен тілі туралы дана ойларымен қазақстандықтардың кейінгі ұрпақтары үшін баға жетпес мұраға айналды.
