Қарашаның 13-і Халықаралық зағиптар күні
Қарашаның 13-і Халықаралық зағиптар күні
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ол 20 ғасырдан бастап аталып өтуде. Мақсаты көзі нашар және мүлдем көрмейтін жандарға қолдау көрсету. Күн сәулесін бір сәтке болса да көру – зағиптар үшін өмірдегі баға жетпес, ең асыл арман. Айналадағыны тек сипау арқылы ғана сезіп, көкірек көзімен көруден басқа қолдан келер қайран жоқ. Алайда, олар - жазмыштың жазғанына жасымайтын қайсар жандар. Сол қасиеттерінің арқасында өнерге деген ынталары қайта арта түспесе, кеміген емес. Елімізде зағип және нашар көретін азаматтардың қоғамдық-рухани белсенділіктері дені сау азаматтардан кем емес екендігіне анық көз жеткізе аламыз.
