Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.

0
0
159

Осы тақырып бойынша

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл - Yvision.kz