Елдің еңселі болашағы үшін нық қадам!
«Nur Otan» партиясының облыстық және Көкшетау қалалық филиалдары атынан мәслихат депутаттығына кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламаларын насихаттап, халықты 10 қаңтарда өтетін сайлауға дауыс беруге шақыру мақсатында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында тұрғындармен кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының Ақмола және Көкшетау қалалық филиалдарының депутаттығына кандидаттар Сергей Кистин, Роза Арыстанқызы, Әсия Шәрімова және алғаш рет депуттатыққа түсіп отырған Айдын Райысов пен Гүлмира Құсайыновалар партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген жеті басым бағыттағы міндеттерге жан-жақты тоқталып, еліміздің басты қадірлі де қасиетті мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның басшысы Сергей Кистин тәуелсізді…