«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті
«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында бейнеконференция байланысы режимінде Республикалық сайлауалды штабтың бірінші отырысы өтті. Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Б…
