Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлы жолдың өзі шағын ғана қадамнан басталады

Ұлы жолдың өзі шағын ғана қадамнан басталады. Осыдан 14 жыл бұрын партияның алғашқы съезіне небәрі 400-ге жуық делегат қатысқан еді. Аз ғана жылда «Nur Otan» 250 филиалы, 6300 бастауыш ұйымы бар алып құрылымға айналды. Атқарушы және өкілетті билік тармақтарында тізгінді берік ұстады. Елдік істердің барлығына белсене араласып келеді. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамаларына әрдайым қызу қолдау білдіріп, идеяларды құлшына іске асырып келеді. Осы арқылы телегей тәжірибе жинақтады.

Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді. «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» дейді халқымыз. Күнімізді шуақты ете түсу үшін елімізді қуатты ету барлығымыздың ортақ парызымыз. Құрметті жерлестер, 2021жылы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясына қолдау білдірейік.Алдымызда биік белестер бар. Олардан алқынбай асу, белестерді барлықпай бағындыру – біздің өз қолымызда. Мызғымас бірлік пен тынымсыз еңбек, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілік – біздің ең басты құралымыз осылар. «Nur Otan» партиямыз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Мәңгілік елді бірге жасайық! Алға, «Nur Otan»! Алға, Қазақстан!

Есіл ауданының, Есіл АМҮ әдіскері Байтемиров Марат

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=204527054559019&id=100050051761975

0
0
132

Осы тақырып бойынша

Ұлы жолдың өзі шағын ғана қадамнан басталады - Yvision.kz