Ақмола облысында сайлау қорытындысы бойынша белсенділерге алғыс хаттар табысталды
Көкшетауда Елбасы Нүрсұлтан Назарбаевтың арнайы алғыс хатын табыстау рәсімі барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра «Достар» мәдениет сарайының залында салтанатты түрде өтті.Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген қоғам қайраткері, танымал дәрігер Серік Аяғанов ел тағдырындағы маңызды кезеңде қазақстандықтар Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін елдің бас партиясына айналған «Nur Otan» партиясын бір адамдай қолдап, оған 71.09% дауыс бергенін атап өтті.«Бұл - Елбасының үлкен беделі мен оның тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан өлшеусіз үлесін айқын көрсететін толық жеңісі, Сайлаушылардың науқанға қатысып, «Nur Otan» партиясы үшін дауыс бергендердің саны 71.09% құрады, бұл - Елбасымызды халықтың қолдайтынын дәлелдейтін тағы да бір жайт», - деді ол.Жалпы, Ақмола облысы бойынша облыст…

