Перейти к содержимому
akmola.nurotan.kz

Ақмола облыстық филиалы

@akmola.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "Nur Otan" в Акмолинской области

рейтинг

250

жазбалар

366

пікірлер

0

тіркелуші

25

жазылымдар

21

«Nur Otan» барлық 216 аумақтық мәслихаттарға тізімдер ұсынды

Жергілікті өкілді органдарға сайлау қорытындысы бойынша партияға орта есеппен сайлаушылардың 82,4%-ті дауыс берді. Осылайша, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 3 276 орыннан нұротандықтар 2 701 мандат алды.Кеше партия филиалдарының саяси кеңестері бюролары отырыстарының қорытындылары бойынша еліміздің барлық облыстары, аудандары мен қалаларындағы мәслихаттар депутаттарының тізімі жасалып, тіркеу үшін өңірлік сайлау комиссияларына жолданды.Жалпы, мәслихаттардағы біздің фракциялардың құрамы 65%-ке жаңарды.Партияның депутаттық корпусы 6 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 45 жасты құрайды.«Nur Otan»-нан сайланған барлық депутаттардың үштен бірі – әйелдер, 23% – 35 жасқа дейінгі жастар. Олардың қатары сәйкесінше 11%-ке және 16%-ке артты. Осылайша, Елбасы, партия Төрағасы Н.…

0
0
169

Елбасы Н.Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты

Жиынды ашқан Елбасы фракция депутаттарын кезекті Парламент сайлауында «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуімен тағы да құттықтады.

«Біз жұртшылықтың сенімін ақтауымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерге қол жеткізу үшін фракция депутаттары барын салуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бойынша партия жұмысының нәтижелеріне тоқталды.

0
0
138

Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясын қолдаған сайлаушыларға алғыс айтты

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Facebook-тағы парақшасында жазды.«Құрметті достар! Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялады. «Nur Otan» партиясы 71,09% дауыс жинады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да біз айқын жеңіске жеттік.Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз».Біздің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламамыз – еліміз бен өңірлерді алдағы 5 жылда дамытудың дайын жоспары. Ол Елбасының 5 институционалдық реформасының бағдарын жалғастырад…

0
0
176

«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту «Мықты көшбасшылар – Мықты партия» қағидатын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік берді. Енді жаңа Фракция алдында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүйелі түрде бақылау және жаңа реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету міндеттері тұр».Жалпы, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Орташа жасы - 49, яғни…

0
0
158

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі бекітілді

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы мәслихатының депутаттары ретінде Аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген 26 адамның тізімі бекітілді.Осылайша, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 65,4%-ға жаңартылды. Ұсынылған тізімде әйелдер үлесі - 30,8%, жастар - 20% болды.Жаңа фракцияның алдында 5 жылға арналған облыстық сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау міндеті тұр.Депутаттар негізінен өнеркәсіп, білім, спорт, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, спорт, БАҚ және т.б. салалардың мүддесін білдіреді.Тізім:1. АНТОНЮК Кира Евгеньевна - Щучье жоғары экология, туризм және орман шаруашылығы колледжінің оқытушысы2. АЯҒАНОВ Ерлан Серікұлы…

0
0
198

Ақмола облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» фракциясының алғашқы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси Бюро кеңесінің шешімімен тағайындалған фракция жетекшісі Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы бүгін отырыс барысында фракция жетекшісінің орынбасары қызметіне облыстық мәслихат депутаты Балташева Айнагүл Қыдырбайқызын ұсынып, бұл ұсыныс көпшілік депутаттардың дауысымен қолдау тапты.Сонымен қатар отырыс барысында Ақмола облыстық мәслихатындағы тұрақты комиссиялардың төрағалары қызметіне келесі депутаттарды ұсынылды.Бір ауыздан облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері бойынша комиссия төрағасына Мащинская Елена Ивановнаны, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриалды-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасына Шоназаров Умар Файзудиновичті, облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы…

0
0
185

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды

Сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.

«Баршаңызды «Nur Otan» партиясының айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзит-полдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтар еліміздің әрі қарай дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсетті. Сайлаудың ел тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Осы уақытта орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бастысы – жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жетістік жұмыла атқарылған жұмыс пен партияның әрбір мүшесінің еселі еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

0
0
196

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартамыз!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде Асқарбек Үйсімбаев бүгін «Bilim» БПҰ-мен масштабтау платформасында онлайн кездесу өткізді.

"Nur Otan" партиясы өзінің басты мақсатын - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және аймақ тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға жағдай жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсауда.

Жаңа жеңістерге бірге жетейік!

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=468293484563156&id=100041475243469

0
0
178

Мен «Nur Otan»-ды таңдаймын!

Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері Роза Рымбаева:

Ұрпағымыз сапалы білім алып, саналы болып өсу үшін мен «Nur Otan»-ды таңдаймын!

***

ҚР ҚХА мүшесі Аскер Пириев:

Мен бейбітшілік пен келісімі жарасқан елді қолдаймын. Мұнда өзін-өзі жетілдіру мен бақытты өмір мүмкіндіктері шексіз. Біз елімізді болашақ ұрпақ үшін сақтауға міндеттіміз. Мен «Nur Otan»-ды таңдаймын!

10 қаңтарда Nur Otan-ға дауыс бер!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan #BizBirgemiz #JeńimpazBol

https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2803473453202751

0
0
108

Nur Otan партиясынан кандидаттар халыққа қандай қолдау көрсетілетінін айтты

Nur Otan партиясынан Көкшетау қалалық және Ақмола облыстық мәслихаттарына үміткерлер "Көкшетау су арнасы" қызметкерлерімен кездесуде жиналғандарды өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, партияның түрлі қызмет салаларындағы жұмысы және халыққа көрсетілген қолдауы тұрғысында баяндады.Жас буын өкілдері атынан сөз алған Jas Otan жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев пен “Асыл Арман” ЖШС-ның бас директорының орынбасары Омар Шоназаров жастардың проблемаларына және оларды Nur Otan партиясының көмегімен шешуге назар аударды.Біздің бағдарлама “Жастар Отанға” стратегиясына негізделген. Былтыр Елбасының бастамасымен біз жастарға арналған осы басты стратегиялық құжатты қалыптастырдық. Стратегия аясында біз жастар саласындағы барлық басым бағыттарды белгіледік…

0
0
153