ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жастар ұйымдары үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен кездесу

АОФ "Jas Otan" ЖҚ "Соworking centr" орталығында АОФ "Jas Otan" ЖҚ басшысы қалалық мәслихат депутаты Сұлтанбек Евгеньевич Бекешев пен облыстық мәслихат депутаты Омар Файзудинович Шоназаров Көкшетау қаласының Жастар ұйымдары ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.

Кездесу диалог форматында өтті, онда ұйым басшылары өз қызметі туралы айтып, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті, проблемалық мәселелерді талқылады және ортақ пікірге келді.

Кездесу қорытындысы бойынша шешім қабылданды:

-"Jas Otan" ЖҚ базасында және "Kokshe Jastary" жастар арнасының қолдауымен жастар үшін бірыңғай, ақпараттық алаң құру.

-2021 жылға арналған Жастар ұйымдары жұмысының жалпы жоспарын қалыптастыру.

-Волонтерлерді қолдау үшін бірыңғай волонтерлік қор құру.

https://www.facebook.com/jasotan.aqmolaobl/posts/785322992192119