Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көкшетауда «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқеавтың осы жылдың 5 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын жастарға түсіндіруге арналды. Партия жанындағы «Мирас» кеңесінің төрағасы қоғам қайраткері, журналист, жазушы Жабал Ерғалиев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет деп таныған Президенттің айқындап берген шараларына тоқталды. Мақаланың әр бөлімін жік-жіктеп түсіндіріп, әділетті қоғам, тарих пен тағылым тақырыбында толғана сөз қозғады. Президенттің өзі кепіл болып, мақаласында қадап айтқан бабалар қанымен, Алаштың жанымен осы күнге дейін сақталып келген қазақтың жеріне нұқсан келмейтініні де сөз болды. Ол үшін әр қазақтың жүрегі елім, жерім деп соғып, жастардың жеке бастың мүддесінен елдің, тәуелсіздіктің мүддесін жоғары қою керек деген пікірін білдірді.

Жабал Ерғалиұлы жастарды барды бағалауға да шақырды. Қазақ тілінің мәртебесін түсірмей, ұлтжанды болып, тәуелсіздік жолында қызмет етуден артық ұлы жолдың жоқтығын айтты.

Жиын барысында сөз алған облыстық мәслихат депутаты, «Болашақ сарайының» басшысы Айнагүл Балташева мен «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Сұлтанбек Бекешевте «Тәуелсіздік басты құндылық» тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2816890918527671

0
0
216

Осы тақырып бойынша

Көкшетауда «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті - Yvision.kz