Көкшетаулық спортшылар Жолдауды талқылады
Бұл жолы Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Дастан Әкімовпен кездесуге Көкшетау қаласындағы стол теннисі орталығының қызметкерлері, волейбол, хоккей клубтарының бапкерлері мен жаттықтырушылары жиналды. Олар Жаңа Қазақстан құру, оның дамуы жолында бірлесе жұмыс істеу жетістікке әкеледі деп отыр. Әсіресе педагогтардың алар орны ерекше. Себебі олар жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеп, спортқа баулып жүр.
Депутат Жолдауда айтылған міндеттер мен берілген тапсырмалар әсіресе әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас болатындығына және бала күтімі үшін төленетін төлемді 1,5 жасқа дейін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аудару тапсырмасы берілгендігіне аналар ерекше қуанатындығын жеткізді. «Себебі, мұның бәрі халыққа жасалып отырған үлкен қолдау. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы мазмұны жағынан бұрынғылардан ерекше. Жолдауда нақты міндеттер мен мақсаттар белгіленді. Яғни, ең алдымен құжатта адам мен оның мүддесіне басымдық берілген. Демек, Жолдау бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесін көздейді. Атап айтқанда, құжатта басты талап ретінде халықтың табысына маңыз берілді»,- деді ол.
Жалпы, тұрғындар ең төменгі жалақының 70 мың болып артатынына да ризашлылық танытып отыр. Түптеп келгенде, бұл Жолдауда қарапайым азаматтардың жағдайын жақсарту жайы қарастырылған деп өз пікірлерін білдірді Көкшетау стол теннисі орталығының қызметкерлері.
Жиын қорытындысы бойынша халық қалаулысы Дастан Әкімов халықты ел бірлігін нығайтып, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге шақырды.
Жалпы, Көкештау стол теннисі орталығында спорттың осы түрімен 100 бала, 20 студент 30 –дан астам зейнеткер шұғылданып жүр.
