Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өрт сөндірушілер Жолдауды талқылады

Көкшетау қалалық мамандандырылған №2 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлерімен Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мәриям Әбішева мен партия мүшесі Бауыржан Ибраев кездесіп, ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарын талқылады.

Жиын барысында спикерлер, Жолдауда көтерілген білім, денсаулық, энергетика, тариф мәселесі және де еліміздің қауіпсіздігі жөнінде өз ойларымен бөлісті. «Соңғы Жолдаудың осыған дейінгі Жолдаулардан ерекшелігі – халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріліп, оның шешу жолдары көрсетілді. Халықтың жиі сұрайтыны: «Мемлекеттік қорға мұнайдан түсіп жатқан қаржы қайда кетіп жатыр?» болатын. Енді Мемлекет басшысының қадағалауымен қаржы керекті жерге бөлінетін болды. Білімді ұрпақ тәрбиелеуге, олардың әлеуметтік қажеттіліктеріне жұмсалады», -деді Бауыржан Қайыркенұлы.

Ал Мәриям Серікқызы азаматтық қорғаныстың алдыңғы шебінде жүрген төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, бейбіт күннің батырларының алдағы жылы жалақсы өсіп, материалдық –техникалық базасы нығайатындығын, бұл жөнінде ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титовтың өзі мәлімдегенін жеткізді.

«Өрт сөндірушілердің жұмысынан жемісті нәтиже күтеміз. Апаттармен күресуден бұрын, оны болдырмау, алдын алу жұмыстарына мән берілсе дейміз. Сондықтан Жолдауда берілген тапсырмаларды жүзеге асырудың жолын айқындап жатқанымыз маңызды. Себебі Мемлекет басшысы айтып өткендей, дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жемісті жүзеге асуы əрқайсысымызға байланысты»,- деп сөзін түйіндеді Бауыржан Ибраев.

Жиын соңы сұрақ-жауап форматына ұласты.

0
0
198

Осы тақырып бойынша

Өрт сөндірушілер Жолдауды талқылады - Yvision.kz