Тележурналистика-менің арманым
Апаммен қонақ бөлмеде бірге отырған едік. Телеарналарды ауыстырып отырғанымызда апамның : " Дананың Дара жолы басталады, Қазақстан ұлттық арнасына ауыстыра қойшы"- деп еркелете сұраған өтінішін жерге тастай алмадым. Алғаш рет «Дара жол» бағдарламасын тамашалап отырмын. Осы уақытқа дейін оның қандай бағдарлама және не туралы екендігін білмейтінмін. Менің көзім бағдарламаның тележүргізушісіне түсті. Оның өзін өзі ұстау қабілеті мен сөйлеу мәнері бірден өзіне баурап алады екен. Дана ханымның эфир қонақтарына қойылған əрбір сұрағы журналист мамандығының басты қасиеті- ізденімпаздығын аңғартты. Сол күннен бастап менің тележурналистикадағы пірім- Дана Нұржігіт. Осылайша, тележурналистика саласына деген қызығушылығым Дана Нұржігіт арқасында еселене түсті. Сонымен мен неліктен тележурналистиканы…