«Шапағат» өнертапқыштар конкурсы жаңа форматта өткізілмек
Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құру жөнінде міндет қойды. Талап етілген инновацияларды қолдау және коммерцияландыру алға қойылған мақсатқа жету үшін маңызды талаптардың бірі болып табылады. ҚР Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік менщік институты» алға қойылған міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосуға ұмтыла отырып, халық арасында өнертапқыштық белсенділікті ынталандыруға бағытталған Жобаны іске асыра бастады. Жоба аясында «Шапағат» республикалық форум» интернет-ресурсы әзірленді, онда электрондық форматта Өнертабыстар жәрмеңкесі, «Шапағат» республикалық конкурсы және жас өнертапқыштар арасында «Болашақ сенің қолы…