Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БАҚ НАЗАРЫНА! «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

4 сәуірде сағат 14:30-да Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыс алдында Әділет министрлігінің басшылығы журналистерге заң жобалау процессі жайында толық мағлұмат беру мақсатында арнайы презентация өткізеді.
Ведомствоаралық комиссиясының отырысында 3 заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру көзделген:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Әділет министрлігі)
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Инвестиция және даму министрлігі)
3. «Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Ұлттық экономика министрлігі)
Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі,13 кіреберіс, 10 қабат, 1056.
Журналистерді тіркеу 4 сәуір сағат 12:30-ға дейін жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91
pressgov@mail.ru
0
0
335

Осы тақырып бойынша