АҚШ-тың Калифорниядағы Федералдық апелляциялық соты Қазақстан Республикасының Храпуновтарға қарсы ісіндегі позициясын қолдады
2014 жылы Алматы қаласының әкімдігі Калифорния штатының (АҚШ) сотында қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов, оның отбасы мүшелері және олардың АҚШ-та тіркелген жалған компанияларына қарсы талап-арыз берді. Талап-арызда талапкердің құқығын қорғау жөніндегі алты талап жасалған, соның ішінде Бопсалаумен және жемқорлықпен күрес туралы АҚШ заңын бұзу, Алматы қ. тұрғындарының мүдделеріне және пайдасына қызмет ету жөніндегі міндеттерді бұзу, біреудің меншігін заңсыз иемдену осы мақсатта қылмыстық келісімге түсу. Храпунов жанұясы және олардың жалған компаниялары Алматы қаласы бюджетінен ұрланған ақшаны пайдалана отырып, Калифорнияда жылжымайтын мүлік және қымбат көліктерді меншікке алды. Алайда Калифорния штатының Округтік соты Алматы қаласының өтінішін қабылдамай тастады. Сот аталған талқылауды…