«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы бойынша жария тыңдау БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2017 жылғы 7 сәуірде Әділет Министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы бойынша жария тыңдау өткізді.
Шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми қауымдастық, құқық қорғаушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған шараның мақсаты - 2017 жылғы 10 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Конституцияға енгізілген заңнамалық актілерге түзетулерге қатысты заңжобаның ережелерін түсіндіру мен талқылау.
Заңнамалық актілерді Конституцияның 10-бабы 2-тармағына сәйкес келтіру мақсатында. Азаматтықтан айыру санкцияларында оларға қатысты азаматтықтан айыру косымша жаза ретінде қолданылмайтын адамдар тобы, жазалаудың осы түрін орындау тәртібі ұғымы бойынша тұжырымдамалы тәсілдер дайындалды.
Заңнамалық актілерді Конституцияның 45-бабының 2-тармағына, 44-баптың 10-1) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында «Құқықтық актілер туралы» Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Үкімет құрамына кірмейтін, орталық атқарушы органдар институтының жойылуына байланысты, «Соғыс жағдайы туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына тиісті түзетулер енгізіледі.
Заңнамалық актілерді Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкес келтіру мақсатында Салық, Қылмыстық кодекстердің, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы», «Білім туралы» және т.б. Заңдарының орыс тілдегі мәтінінде «Лидер нации» сөздері «Елбасы» сөзіне ауысады.
Жария тыңдау сындарлы диалог форматында және оймен бөлісу түрінде өтті.
Әділет министрлігінің веб-сайты: http://www.adilet.gov.kz
