ҰБТ 2012 қалай өтеді?

@abzalaktaublog
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
6
пікірлер
0
тіркелуші
1
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
6
пікірлер
0
тіркелуші
1
жазылымдар
0

Асқар бел Көз тартады алыстан. Қатар соққан жел Бір-бірімен жарысқан. Сылдыр аққан сулары, Қалың орман – нулары Әсем әндей үндесіп, Әуенменен тілдесіп Жарасқан-ды жырлары – Ақындардың сырлары. Көздің жауын алып тұрады, Қалықтайлы қыраны. Естіледі даламнан Алашымның ұраны. Жол бастаған азатқа Хандық құрып қазаққа Керей менен Жәнібек. Бұқар бабам жырлаған Одан әрі Абылай Жеңіп талай жоңғарды-ай, «Қазағым менің, елім» деп, «Бар қазына жерім» деп, Жуытпастай маңайға Талқандайды жауын да. Жақын тұтқан достарын, Қонақжайлық талайға. Соңғы ханы қазақтың – Кенесары алаштың. Амангелді батыр да, Қол бастаған Исатай, Қосшы болып Махамбет, Иса менен Досан да «Елім менің, жерім» деп, Бейбіт өмір жолына Пида етті жандарын. Талай жылдар өткердік, Талай парақ төңкердік. Қазір қолда бостандық, Біз бақытқа…
Табиғат үні
Ойға шомдырып теңіз толқындары,
Кеудемдегі жүрегім солқылдайды.
Көңілім бірде түсіп, бірде қаным
Сан қайнап тұла бойда бұрқылдайды.
Заман емес кінәлі, адам құрған
Бұл өмірдің бөгеттерін, сындарын.
У-шу боп бірін-бірі қуалаған
Құлақ түріп толқындарды тыңдадым.
Берді бізге Құдіретті Жаратқын,
Арайлы таңымды бозарып атқан.
Тау мен тасты, көл мен теңіз, мұхитты,
Сығалаған алтын кунді шығыстан.
Бұл адам иманды ұмыт қалдырды,
Жұлып гүлді, табиғатты талдырды».
Шулаған табиғат пенен толқындар
Бұның бәрін жазбаққа ой салдырды
Тәуелсіздік күніне арнау
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Желбіресін елімнің көк байрағы,
Шайқалмасын берік боп шаңырағы.
Нұрын тқгіп жарқырайды алтын күн,
Қалықтайды бейбітшілік қырандары.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі