Табиғат үні
Табиғат үні
Ойға шомдырып теңіз толқындары,
Кеудемдегі жүрегім солқылдайды.
Көңілім бірде түсіп, бірде қаным
Сан қайнап тұла бойда бұрқылдайды.
Заман емес кінәлі, адам құрған
Бұл өмірдің бөгеттерін, сындарын.
У-шу боп бірін-бірі қуалаған
Құлақ түріп толқындарды тыңдадым.
Берді бізге Құдіретті Жаратқын,
Арайлы таңымды бозарып атқан.
Тау мен тасты, көл мен теңіз, мұхитты,
Сығалаған алтын кунді шығыстан.
Бұл адам иманды ұмыт қалдырды,
Жұлып гүлді, табиғатты талдырды».
Шулаған табиғат пенен толқындар
Бұның бәрін жазбаққа ой салдырды
