Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тарихымыз (қысқаша)

Асқар бел

Көз тартады алыстан.

Қатар соққан жел

Бір-бірімен жарысқан.

Сылдыр аққан сулары,

Қалың орман – нулары

Әсем әндей үндесіп,

Әуенменен тілдесіп

Жарасқан-ды жырлары –

Ақындардың сырлары.

Көздің жауын алып тұрады,

Қалықтайлы қыраны.

Естіледі даламнан

Алашымның ұраны.

 

Жол бастаған азатқа

Хандық құрып қазаққа

Керей менен Жәнібек.

Бұқар бабам жырлаған

Одан әрі Абылай

Жеңіп талай жоңғарды-ай,

«Қазағым менің, елім»  деп,

«Бар қазына жерім» деп,

Жуытпастай маңайға

Талқандайды жауын да.

Жақын тұтқан достарын,

Қонақжайлық талайға.

 

Соңғы ханы қазақтың –

Кенесары алаштың.

Амангелді батыр да,

Қол бастаған Исатай,

Қосшы болып Махамбет,

Иса менен Досан да

«Елім менің, жерім» деп,

Бейбіт өмір жолына

Пида етті жандарын.

 

Талай жылдар өткердік,

Талай парақ төңкердік.

Қазір қолда бостандық,

Біз бақытқа бөлендік.

0
0
428

Осы тақырып бойынша

Тарихымыз (қысқаша) - Yvision.kz