Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейік
Әрбір ұлт өзінің тілімен, дінімен және өз ұлтына тән ерекшеліктерімен мақтанады. Сол секілді біздің де ұлтымыздың мақтанып, ауыз толтырып айтатындай мақтаныштарымыз көп. Бүгінгі тақырыпта солардың бірі әрі бірегейі ұлттық киімімізге тоқталғым келіп отыр. «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» демекші, біздің ұлтымыздың киімінің түрлері сан алуан. Және әр киімнің өзіндік тарихы, өзіндік ережесі бар. Тұрмыстық тіршілікке, жыл мезгіліне қарай, жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп отырады. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Киген киіміне қарай жас ерекшеліктерін де айыруға болады. Мысалы, ер адамдардың киімін алатын болсақ, жас жігіттерің киімі жинақылау, денеге қонымды, оюлармен өрнектеліп келеді. Ал үлкен қарт кісіліердің киімі кеңдеу, ш…