Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлттық киімдерді ұлықтайық

Қазақтың ұлттық киімдері заманға сай түрленіп, қазақы сән үлгісіне күн сайын сұраныс артып келеді. Қазақша киім үлгілерінің даму тарихы еліміздің мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты. Әрбір халық үшін өзінің болмыс-бітімін айқындайтын ұлттық киімдерін ұлықтау, оның өзіндік ерекшелігін сақтау, дұрыс киіну әдебін білу маңызды.

Қазіргі таңда ұлттық киімдерді іздеп, сатып алу аса қиын емес. Ұлттық нақыштағы киімдерді тапсырыспен тігетін немесе алып-сататын дүкендер өте көп. Қымбат дүкендерден бастап базарлардан қалтаңыз көтеретін түрлерін таңдай аласыз. Мұндай жағдайда ең алдымен сапаға мән берген жөн. Киім сапалы болған сайын, денеңізге қонымды, пішініңізге үйлесіп тұрады. Киімнің матасына да мән беріңіз. Киім табиғи матадан тігілгені дұрыс.

Егер сіз шынымен де тек сапалы ұлттық киімді алғыңыз келсе, осы сала бойынша жұмыс істейтін тігін шеберханаларына жүгінгеніңіз жөн. Сондай тігін шеберханалардың бірі Абырой.кз тігін шеберханасы. Бұл жерден қолжетімді бағада, сапалы тігілген ұлттық киім түрлерін таба аласыз. Сонымен қатар, осы шеберханадан шыққан ұлттық киімдердің дайын үлгілері «Абыройкз» дүкендерінде сатылады. Abyroikz.kz-те ерлерге арналған ұлттық киімдердің, балаларға арналған ұлттық киімдердің, әйелдерге арналған киімдердің, сонымен қатар кешкі көйлектердің түр-түрін табасыз. Тігінхана тек киім тігумен ғана шектелмейді, ұлттық нақыштағы кәдесыйларды да дайындайды. Сонымен қатар, қазақы ою-өрнектермен көмкеріліп, қазақы болмысқа сай етіп тігілген мұсылман киімдерін де таба аласыз.

Жақыныңызға немесе құрметті қонағыңызға ерекше сый тарту еткіңіз келсе, ұлттық нақыштағы сыйлықтарды таңдаңыз. Киім кию стиліңізге де ұлттық бояуларды қосуды ұмытпаңыз. Ұлттық киімдер болмысыңызды айқындап, түр-сипатыңызға өң береді. Және қаншама жыл өтсе де сәннен қалмайды.

Осы күнге дейін жеткен ұлттық киім үлгілерімізді сақтап, келешек ұрпаққа аманаттау сіз бен біздің міндетіміз. Елестетіп көріңізші, ұлттық киім үлгісін күнделікті киіп жүрсек, елге деген сүйіспеншілігіміз артып, өзгелерге үлгі болар едік. Ұлттың нағыз патриоты болу содан басталар еді. Ұлттық болмысымыз ұлықталып, елдік рухымыз жаңғырар еді. Елдік рухымызды жаңғырту әрқайсымыздың қолымызда тұрған асыл қазына.

0
0
3609

Осы тақырып бойынша

Ұлттық киімдерді ұлықтайық - Yvision.kz