Жылағым келеді…
Ескі жылдың есігі жабылайын деп, Жаңа жылдың есігі "тоқ-тоқ!" етіп қағылайын деп тұрғанда, Астанада ҚАЗАҚ қоянын жыл тағына отырғызу рәсімі өтті. Бұл жыбыр-жыбыр жиынға дүние жүзінің аңдары қатысып, Қоянды қоян жылымен құттықтады. Әр елдің өз қояндары таққа отырса, сол елдің барыстары тақтан түсіп, Қоян мырзаларға тағзым етіп жатты... Ал біздің қазақтың барысы креслодан кеткісі келмей, "сау болыңызды" айтып, жетер жеріне жеткісі келмей, қиналып, қипақтап тұрып қалды, БАҰ-ның хатшысы (Біріккен аңдар ұйымы) УАҚЫТ мырза жұдырығымен стол үстін ұрып қалды... - 2010-шы Барыс мырза! Жұрттың бәрі сізге ырза. Жұтқыншағыңыз жыбырлап, маған бірдеңе айтайын деп тұрсыз ба,сыбырлап? - Уақыт мырза,--деді қазақы Барыс жөткірініп,--тағы бір жыл "Барыс жылы" болып дегендей... - Мына…