ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Тәрбие басы - тал бесік

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жетерлік. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастыратын, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипатын айқындала түседі.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, Шыншыл, әділетті, иманды болу, сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз. Бұрынғы ата-бабаларымыз ұлттық салт-дәстүрімізді мықтап ұстауын талап еткен. Ал қазіргі тәрбиеміз бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда көптеген өзгерістерге ұшыраған. Бұның себебі қазіргі тәрбиемізде десек артық айтқандық болмас.

Тәрбие басы - тал бесік демекші сондықтан келешек ұрпағымыз тәрбиелі болсын десек, кішкентай кезінен бастап отан сүйгіштікке, мақсаткерлікке, ақылдылыққа, қайырымдылыққа, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу керек.