ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанындаоқуғарұқсат беру» мемлекеттіккөрсетілетін қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.Бұл ретте өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Экстернат нысанында оқуға өтініш беру үшін тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгіну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы білім берумекемелерінде оқуға мүмкіндігі жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады. «Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтініш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейін олардың мүддесін ата-аналары немесе заңды қамқоршылары білдіреді», - деп атап өтеді «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташ…