Мемлекеттік тіл – мерейім
Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды. Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреген тұста 1997 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы шықты. Аталған Заң Қазақстан Республикасындағы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін айқындап, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау туралы міндеттерін анықтайды, елімізде қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу…