Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Абылайдың қара жолы» туралы не білесіз?

Алаш жұртының басын қосқан, ойға барып, ойдағымен, қырға барып, қырдағымен тіл табысып, елді жеткіземін, жетілдіремін деп жан алысып, жан беріске хан Абылайды білмейтін қазақ жоқ-ау, сірә. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі туралы баршаға белгілі жайттармен қатар «Абылайдың қара жолы» деген де түсінік бар. Ол туралы не білеміз? Не білдіреді? «Apta.kz» бағдарламасының 28 маусым күнгі бөлімінде осы тақырып зерттеліп, көтерілген-ді. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы. Кемел тұлғаларға кенде емеспіз, солардың соқталысы – Абылай хан. Абылай – Керей мен Жәнібектен бергі «Қазақ хандығы» деген байтақ жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің етек-жеңін бүтіндеді. Алмағайып аласапыран заманда биік тұлға парасаты мен саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Тарихта «Абылайдың…

0
0
1727

Қазақ радиосы қызметкерлерінің жетістіктері

Өткені бай, бүгіні берік Қазақ радиосы қай-қай кезде болмасын әрқашан жетіліп, дамуға деген ынта-ниетімен, сапалы жобаларымен және, ең бастысы, кәсіби мамандарымен мақтана алатын. Бұл қасиет жоғалмақ емес. Ұжымымыздың қос бірдей журналисті қол жеткізіп отырған жетістік – осының дәлелі. Қуана-қуана өздеріңізбен бөлісеміз. Астанада «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Нұр Сұңқар» республикалық байқауында Қазақ радиосының Таңғы ойын-сауықтық бағдарламалар редакциясының жетекшісі Құралай Жұмахан «Үздік радио журналист» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі Жеңістің 70 жылдығына орай журналистер арасында ұйымдастырған республикалық «Мәңгі есімізде» шығармашылық байқауында Қазақ радиосының редакторы Мәдина Махамбетқызы «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама» ат…

0
0
1112

Мұхит асқан балалардың тағдыры

«Қазақ жетімін жылатпаған ел» десек те, шетте жүрген кішкентай балаларымыз бар. Оларды басқа мемлекет азаматтары асырап алған. Бұл жолы «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы АҚШ-тың Чикаго қаласындағы қазақ бүлдіршіндерінің бүгінгі өмірі туралы көрсетті. Хабарды бағдарламаның мұрағатынан көре аласыздар. Туған жерінен жырақта өсіп келе жатса да, бала жүрегі Отанын аңсайды. «Қазақстанға барамын. Анам 12-13 жасқа толғанда алып барамын деп сөз берді...», - дейді шетел асқан қазақ бүлдіршіндерінің бірі. Ал, ондағы ата-ана бауырына басқан баласының: «Осындағы қазақ жастарымен көбірек араласқанын қалаймын...». Баласын жетімдер үйіне өткізерде ешбір дерек қалдырмаған жандардың бірі – Мәдинаның анасы. Мәдинаны асырап алған шетелдік ана баланың ата-анасы, туыстары т…

0
0
473

«Сенбілік кездесуде» — ақын Ұлықбек Есдәулет

Қазақтың белгілі ақыны Ұлықбек Есдәулет бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін «Сенбелік кездесу» бағдарламасында қонақта болды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы турасында жақындары мен жора-жолдастары арасында өрбіген сұхбатты жоба мұрағатынан көруге болады. Поэзиясында елі мен жерінің тағдырына алаңдаған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулеттің оқырман жанын тебірен­тер, көкірегіне сәулесін себер жырлары жетерлік. Ақын өлеңдері өмір туралы толға­ныс­тарға толы. Сан қырлы әлеуметтік-қоғамдық тіршіліктің құбылыстары оның өлеңдерінде өзгеше өрнектеліп, ерекше сарында жазылған. Ұлықбек Есдәулеттің «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күні», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Жүректегі жарылыстар», «Заман-ай», «Киіз кітап», «Қара пима», «Ынтық зар», «Әбi…

0
0
1153

Елбасы ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күнінің басталу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы қатысушыларға арнаған сөзінде ЭКСПО-2015 көрмесінің «Ғаламшарды азықтандыру. Энергия өмір үшін» тақырыбының өзектілігі жоғары екенін атап өтті. «Таяу отыз жылда жер жүзінде азық-түлік тұтыну мөлшері екі есе артатынын ескерсек, XXI ғасыр қатерлері аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды болмақ және бұған дайын болған жөн. Бұл проблеманы еңсеру үшін барлық мемлекеттердің бірлескен күш-жігері қажет болады», – деді Қазақстан Президенті. Елбасы «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, сондай-ақ, өңдеу секторына жетекші трансұлттық компанияларды тарту жөнінде міндет қоя отырып, аграрлық сектордың әлеуетін кеңейту үшін мақсатты жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев өнімділік қарқынын екі еселеу үшін аграрлық сектор саласындағы ғылы…

0
0
403

Кәмелет жасқа толмаған балаларға салынатын тыйымдар

Түн ортасында ұл-қыздарын қараусыз көшеге жіберетін ата-аналарға айыппұл салынып жатыр. Алты айтың ішінде ғана мыңнан астам ата-ананың үстінен осы бағытта әкімшілік іс қозғалды. Уәкілетті орындардың айтуынша, жаздың келуімен бұл сан да артуы мүмкін екен. Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты дабыл қағып жатыр. Олардың айтуынша, аймақта түнде көшеде жүретін балалардың қатары артып кетіпті. Оған оқушылардың жазғы демалысқа шыққаны себепші екен. Ал еліміздің «Бала құқығы жөніндегі» заңнамасына сәйкес, түнгі 23.00-ден кейін балаға заңды өкілдерінсіз жалғыз журуіне тыйым салынады. ҒАЛИЯ РАХМАТУЛИНА, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы: 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап…

0
0
7810

Нұрсұлтан Назарбаев Италияның EXPO-2015 көрмесі өтіп жатқан Милан қаласына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Миландағы Қазақстанның Ұлттық күнінің басталу рәсіміне қатысты. Жер-жиһан тұтас шалқып отырған жоқ. Дастарханынан ит-мысығын тамақтандыратын бай-бағландарды айтпаймыз, талшық етер бір тілім нанға зар жарлы-жақыбайлар саны кемімей отыр, қайырым жоғалған заманда әсілі, кемімейтін де шығар. «Планетадағы әр тоғызыншы тұрғын аш. Ал, 2 миллиардқа жуық адам семіздікке шалдыққан», дейді сандар. Италияның Милан қаласында өтіп жатқан EXPO-2015 халықаралық көрмесі осы бір жаһандық мәселені шешуге аса ықыласты. «Ғаламшарды азықтандыру. Өмір үшін энергия», деп аталатын ірі көрме мамырда басталған еді. Бақандай 5 айға жалғасып, қоңыр қазанның соңына қарай тарқайды. Кеше Италияға арнайы сапарлаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы Миландағы Қазақстанның Ұлттық күнінің басталу рәс…

0
0
326

Қазақстандық қатысушы «Что? Где? Когда?» финалында «Хрусталь үкі» сыйлығын жеңіп алды

Құралбек Қармысов – 2015 жылдың жазғы ойындар сериасының ең үздік ойыншысы. Атырау қаласының тұрғыны, инженер Құралбек Қармысов «Что? Где? Когда?» білгірлер клубының ең мықты ойыншылары – Виктор Сидневтің командасын ұтты. Бұл туралы «AlmatyNews» хабарлады. Қазақстандық қатысушы 2015 жылдың жазғы ойындар сериасының ең үздік ойыншысы болып танылды. Ол сонымен қатар, «Хрусталь үкі» мен 530 мың рубль көлеміндегі жүлде қорын ұтып алды. Финалда білгірлер командасы телекөрермендерден 6:4 есебімен жеңілген. Ойын шарты бойынша бас жүлдені ең үздік сұрақ авторы иемденеді. Ал, ол – Құралбек Қармысов болды. Құралбек жапон халқының «Тоорянсэ» атты ойынына қатысты сұрақ қойған. Айта кету керек, бұл ойын орыстың «Ручеек» ойынына ұқсайды. Құралбек Қармысовтың осы ойынды жапон билігі қандай мақсатта қолда…

0
0
403

Миландағы EXPO көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күні тойланды

Миланда өтіп жатқан Бүкіләлемдік EXPO Milano көрмесінде Қазақстанның ұлттық күні өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Көрменің аумағы бір миллион шаршы шақырымнан артық. 147 ел қатысуда. Ал, аумағы 3 мың шаршы метр Қазақстан көрмесін бір күнде 5 мыңға жуық турист тамашалайды. Тек бір айда 130 мың адам келген. Павильон шаруашылықтағы басты дақыл жүгері мен бидайдың масағын еске салады. EXPO қонақтары көп таңдайтын бес үйдің бірі – шағын қазақстандық ауыл. Қалыптасқан дәстүрге сүйенсек, әр мемлекет өзіне ұйымдастырған Ұлттық күнде келген қонаққа елінің тарихы, әдет-ғұрпын, мәдениетін таныстырады. Бүгін дәл осы Ұлттық күн Қазақстанның атынан ұйымдастырылды. Қазақтың көк байрағы көтерілді. Шараға Мемлекет басшысы қатысып, шараға қатысушы елдерді Астан…

0
0
216

Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы орталық ашылып, ескерткіші орнатылды

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы орталық ашылды. Сондай-ақ, қазақтың белгілі ақынына ескерткіш орнатылды. Игі шара тума таланттың 80 жылдығына арналған. Мерекеге еліміздің әр тарабынан ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері жиналып, терең ой, тегеурінді талант иесінің рухына құрмет көрсетті. Аумағы 5 мың шаршы метрге жуықтайтын нысанды өңірдегі мәдениет пен өнердің орталығына айналдыру үшін бар жағдай жасалған. Мұнда амфитеатр, көрме залы, жазушылар мен суретшілер одағының өкілдіктері, балалардың шығармашылығын шыңдауға арналған үйірмелер жұмыс істейтін болады. Орталықтың көзайымы - Қадыр Мырза Әлінің музейі. Онда ақынның тұтынған бұйымдары мен өмір бойы жинаған жеке кітапханасы орналасқан. Ондағы кітап қоры 8 мыңнан артып жығылады. Арасында ақынн…

0
0
7329