Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

8 үміткердің қайсысы үздік шығады?

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де «Қазақстан дауысын» көріңіз.

Ұлттық арнадағы «Қазақстан дауысы» жобасының үміткерлері өткен жексенбіде екінші тікелей эфирдегі сайысын өткізді.

Өткен кезең нәтижесі бойынша әр топта қазір 2 өнерпаздан 8 үміткер қалды. Бүгінгі  шешуші сында өнер көрсететін төрт үздік анықталады.

Тікелей эфирдегі тартысқа толы сайысты Ұлттық арнадан әр жексенбі сайын 21:00-де тамашалай аласыздар.

0
0
319

Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті

Шара нәтижесінде Францияның 10 қаласында ойнайтын 24 команданың қарсыластары анықталды. Бүгін Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Шара нәтижесінде 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның 10 қаласында ойнайтын 24 команданың қарсыластары анықталды. Командалар келесі топтарда ойнайды: А тобы: 1. Франция 2. Румыния 3. Албания 4. Швейцария В тобы: 1. Англия 2. Ресей 3. Уэльс 4. Словакия С тобы: 1. Германия 2. Украина 3. Польша 4. Солтүстік Ирландия D тобы: 1. Испания 2. Чехия 3. Түркия 4. Хорватия Е тобы: 1. Бельгия 2. Италия 3. Ирландия Республикасы 4. Швеция F тобы: 1. Португалия 2. Исландия 3. Австрия 4. Венгрия Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Ал, ертең жеребе тарту рәсімінің т…

0
0
596

Илья Ильин: Жеңісімді елімнің Тәуелсіздік күніне арнаймын

Илья Ильин әлемдік рекорд жаңартты.

Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысты. Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түсті.

105 келі салмақ дәрежесінде қос қазақстандық жеңіске жетті. Илья Ильин қоссайыс қорытындысы бойынша 437 (191+246) келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.

Александр Зайчиков қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (190+226) келіні көтеріп, жарыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді.

0
0
216

Арқадағы, желкедегі тұзды қалай кетіруге болады?

Өзіңізді жайсыз сезініп жүрсіз ба? Арқаңыз құрысып, ауырлықты сезінетін боларсыз. Тұз жиналған сияқты ма? Онда ең алдымен қандай тұздың жиналғанын анықтауымыз керек. Арқаңыз, омыртқаңыз, басыңыздың неліктен ауыратынын білмейтін болсаңыз, сізде ақ тұздың көптігінен остеохондроздың белгісі байқалады. Ғалымдардың айтуынша, тәулігіне 0,5-1 грамм аралығында ғана тұз мөлшерін пайдалануға болады. Американдықтар 15-30 есе артық қолданады. Американың оңтүстік штаттарындағы қара нәсілділер тұздалған шошқаның, сүрленген сиырдың етін көп жегендіктен қан қысымдары өте жоғары болып келеді. Көпшілігі желкелеріне тұз жиналмақ түгілі, инфаркт пен бүйрек ауруларынан көз жұмады. «Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен, май түспес қара суды піскенменен». Тағамды тұзсыз жей алмаймыз, бірақ мөлшерден тыс қолдансақ…

2
0
52750

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңін бастайды

Бүін Чехияның Хомутов қаласында футзалдан 2016 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі 5-ші топтың ойындары басталады. Айта кетейік, әлемдік доданың финалдық кезеңі келесі жылдың 10 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтеді. Қазақстан құрамасымен бір топқа Чехия, Франция және Словения құрамалары түсті. Бұл төрттіктің үшеуі Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады. Сербияда өтетін Еуропа чемпионатына тек Франция құрамасы жолдама ала алмады. Бас бапкер Какаудың шәкірттері Чехияға 6 желтоқсан күні келді. Турнир алдында Чехия чемпионатының көшбасшысы «Бенаго» клубымен жолдастық матч өткізді. Ойын 6:1 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Біздің құрамадан Дінмұхамед Сүлейменов, Дуглас, Николай Пенгрин, Игита, Павел Таку және Александр Гребонос гол соқты. Әлем че…

0
0
180

«Таңшолпанның» тілшісі Саян Есжан «Серпер» сыйлығын иеленді

«Серпер» сыйлығы жас таланттарды қолдау мақсатында екі жылда бір рет беріледі.

Алматыда Қазақстан өнері мен мәдениетіне  қызмет етіп жүрген жас таланттарға «Серпер» жастар сыйлығытабысталды.

Биыл сыйлық Қазақстан Жастар одағы арнайы комиссиясының шешімімен әдебиет, журналистика, театр, эстрада салалары бойынша барлығы 16 жасқа берілді.

«Таңшолпан» бағдарламасының редакторы, ақын Саян Есжан жастар сыйлығына «Жыр жинақ» аталымыбойынша ие болды.

Айта кетейік, «Серпер» сыйлығы жас таланттарды қолдау мақсатында екі жылда бір рет беріледі.

0
0
694

Сағат Заханқызы: Шеттегі қандастарымыздың қара шаңыраққа оралуы — Тәуелсіздік тарихының бір бөлшегі

Қоғам қайраткері, жазушы Сағат Заханқызы - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Жақында қаламгердің «Ұлы көш: аңыз бен ақиқат» атты кітабы жарық көрді.

«Еліміз егемендігін алған сәттен бастап шеттегі қандастарымыз қара шаңыраққа жинала бастады. Оның да тарихы бар. Бұл - егемендігіміздің тарихының бір бөлшегі. Елбасымыз оған «Ұлы көш» деп баға берді.

Осы ұлы іске араласып, Моңғолиядан алғашқы келген көшке жол ашып, Қазақ пен Моңғол үкіметтерінің арасындғы келісімшарттарға қатыстым. Қолымдағы жиналып қалған құжаттар тарихшыларға көмек болсын деген мақсатпен осы жинақты шығардым. Бұл -  «Ұрпақтар тоғысы» атты кітабымның жалғасы», дейді жазушы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

0
0
267

Дина Мұхамедхан: Әкеміз ұлы Абайдың ұшан-теңіз мұрасы үшін күресе білді

Белгілі ғалым Қайым Мұхамедханов ғылыми жолының алғашқы күнінен бастап, Абай және оның ізбасарлары туралы деректер жинауды қолға алған. 1951 жылы «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбында қорғаған диссертациясы мен «Абай шығармаларының текстологиясы» сияқты көптеген еңбектері ақын мұрасын зерттеуге қосылған сүбелі дүниелер еді. Алайда, ғалым кеңестік дәуірде ғылыми көзқарасы үшін қуғынға ұшырап, өмірінің біраз бөлігін Карлагта өткізеді. «Сол кезде Абайдың шәкірттерін байлардың ұрпағы, әкемізді буржуазиялық ұлтшыл деп айыптады. Алаш мұрасымен сусындап өскен ғалым сонда да Абай мұраларынан бас тартпады. Абай үшін, оның ұшан-теңіз мұрасы үшін күресе білді. Бұл оның рухының асқақтығы мен батылдығы еді», дейді ғалымның қызы Дина Мұхамедхан. Абайдың Қара сөздерінің түпнұсқасын бүгінге жеткізген де…

0
0
630

Актер болу үшін қандай сынақтардан өту керек?

Актерлардың негізгі «төлқұжаты» - олардың қойылған дауысы. Жақында ғана елордаға қоныс аударған белгілі каскадер, профессор Жалынбек Ақанның әр сабағы дене қыздырудан басталады. Содан кейін барып күрделі іс-әрекеттерге кіріседі. Кесе ішіндегі суды төгіп алмай билеу - емтихандағы негізгі жаттығулардың бірі. «Сахнада көптеген қимылдар бар. Ең бастысы, сақтық шараларын білу керек. Сақтық шараларын қолдана отырып, қимыл-әрекет жасау - шеберліктің шыңы саналады», дейді ол. Мысалы, тарихи қойылымдардағы найза, қылыш, қанжар сынды қарулар сахнада да шынайы болады. Оларды көтере жүріп әрдайым қозғалыста болу кәсіби шеберлікті талап етеді. Сондай-ақ, актерлардың негізгі «төлқұжаты» - олардың қойылған дауысы. Сахна шеберлерінің тілі таза болуы үшін бірнеше физикалық жаттығулар бар. Толығырақ «Таңшо…

0
0
522

Надежда Ногай Дохада өткен «Катар кубогі» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Надежда Ногай 7-8 желтоқсан аралығында Дохада өткен 3-ші халықаралық «Катар кубогі» жарысында бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл туралы еліміздің Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш додада еліміздің спортшысы 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ең мықты деп танылды.

Жұлқа көтеруде спортшымыз 125 келі бағындырып жеңімпаз атанса, Серпе көтеруде 152 келіні көтеріп, үшінші орынға табан тіреді. Қоссайыста Надежда 277 келіні бағындырды.

Екінші орынға египеттік спортшы тұрақтаса, үздік үштікті Таиланд спортшысы қорытындылады.

0
0
187