Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды

Елордалық «Астана» клубы Чемпиондар Лигасындағы маусымын аяқтады.

«Астана» футбол клубы бүгін Стамбулда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңдегі соңғы турында жергілікті «Галатасарай» футбол клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті.

Матчтың 62 минутында «Астаналық» футболшы Твумаси гол салса, араға 2 минут салып «Галатасарай» капитаны Сельчук Инан есепті теңестірді.

Қорытындысында, «Галатсарай» Еуропа Лигасына жолдама алса, «Астана» футбол клубы тең ойын көрсеткені үшін 500 мың евро алып, Чемпиондар лигасындағы мауысымын аяқтады.

0
0
454

Ірімшікті қалай таңдау керек?

Бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабарынан біле аласыздар.

Сүт өнімдерінің ішінде ірімшік таңдауға келгенде көбіміз қиналамыз. Түрі көп, ал, сапалысы қайсы?

Көлігіңіздің артқы шамдары істен шықты ма? Көлік жөндейтін орталыққа жүгінбес бұрын не істеуге болады? Бұл тығырықтан шығудың оңтайлы шешімі қандай?

Отандық дизайнерлер ұсынған сәнді әшекейлерді жасап үйренгіңіз келе ме? Бүгін 13:00-де Ұлттық арнадан «Бірге таңдаймыз!» хабарын көріңіз.

0
0
406

Бек Оралбеков: Ән жазу үшін орындаушының талғамын білуің керек

Композитор, әнші Бек Оралбеков - «Таңшолпанда» қонақта.

«Төртінші сыныптан бастап А.Жұбанов атындағы музыкалық мектеп интернатының композиция класында оқыдым.

Ән жазу үшін әншінің тембрін, талғамын білуің керек. Соңғы екі жылда ән қоржыныма өзім жазған бес әнді қостым», дейді әнші.

«2000 жылғы «Жас қанат» байқауына Бейбіт Қорған менің «Кім ол» атты әніммен шықты. 2001 жылы «Азия дауысының» «Қазақстан әндері» фестивалінде «Маған арман» әнін орындады. Осы әндерді әншінің бағын жаққан әндер деп айта алар едім».

Өнер иесі алдағы уақытта тыңдармандарына  Абдрахман Асылбектің сөзіне жазылған «Жаным-ау, әнім-ау» атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынатынын жеткізді.

Толығырақ  «Таңшолпанда».

0
0
428

«Келбетте» — Әбіш Кекілбаев

Жазушының бала күнгі арманы қандай болды? Бүгін 17:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы туралы кезінде Тұманбай Молдағалиев: «Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi. Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсовжұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз»,-деген екен. Ал, Шерхан Мұртаза: «Тәңiр мен туған ана Әбiшке келiстi келбет берген. Атақты философ Артур Шопенгауэрдiң байқауынша, кiсi келбетi - бұл ад…

0
0
828

Өтпелі кезеңде ана мен баланың қарым-қатынасы қандай болуы керек?

Ата-ана баласының жас деңгейін ескере сөйлессе, қиындықтарға тап болмайды. Адам бойында әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктер жиі байқалады. Әсіресе, жасөспірім шақтағы өтпелі кезең. Бұл уақытта баланың бойында физиологиялық өзгерістермен қоса, күрделі психологиялық кезең туады. Мәселен, осыған дейін сезілмеген қылықтар қылаң береді. Жиі ашуланып, сабырсыздық танытады. Ата-ана, ұстаздары, достарымен қарсыласып, тәуелсіз болуға ұмтылады. Яғни, бұл кезеңде бала өзін жеке тұлға ретінде сезініп, қоғамдағы орнын айқындауға кіріседі. Ата-ана мұндай жағдайда мәселені оңтайлы шешудің жолдарын қарастырғаны абзал. Психологтың көмегіне жүгініп, баласымен сырласы ретінде бетпе-бет тілдесуі керек. Сондай-ақ, отабасынан бөлек, өзге ортадағы іс-әрекеттерінен де хабардар болғаны абзал. «Ата-а…

0
0
542

Балет өнерінде қолданылатын киімдер туралы не білесіз?

Пачка және пуантты тек қыздар ғана қолданады. Балет - хореографияның ең жоғары сатысы. Өнердің синтетикалық түрі. Яғни, либретто, музыка, би, мүсін сынды әртүрлі жанрлардың жиынтығынан тұрады. Балериналар киетін көйлек - пачка деп аталады. Балеттегі ер бишілер бұларды қолданбайды. «Балет өнері пайда болған шақта алғашында бишілер ұзын көйлек киген. Үш желбіршектен тігілген бұл киім ұзындығына байланысты билеу үшін ыңғайсыз болған. Екі желбіршегі алынып, ол киім бүгінгі пачкалардың қалпына түсті», дейді балетмейстер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ғалия Исмайлқызы. Пачкалар қойылымдардың мағынасына қарай түрлі түсті матадан және әртүрлі стилде тігіледі. Ал, пуантқа бастапқыда гипс салынып тігілсе, қазір замануи үлгіге сай пластмасса салынып жасалады. Пуантты көпшілігі балет бишілерінің барлы…

0
0
1385

Кескіндеме өнерінің жаңа бағыты — боди-артты меңгерудің жолдары

Боди-арттың белгілі ережесі жоқ.

ХХ ғасырдың басында кескіндеме өнерінде пайда болған, қылқалам шеберінің ерекше қарым-қабілетін танытатын жаңа бағыттардың бірі - боди-арт. Өнердің бұл түрі 1960 жылдан бастап, Еуропа елдерінде кеңінен тарала бастады. Ол грим саласына да өте жақын.

Боди-арттың белгілі ережесі жоқ. Суретшінің идеясына байланысты түрлі технологияны қолдануға болады.

Кез келген боди-арт туындысына кем дегенде үш сағат уақыт кетеді. Ал, адам денесіне салынған сурет бес сағат уақыт қана әдемі қалпын сақтай алады.

Боди-арт өнерінің тағы қандай ерекшеліктері бар, оны меңгерудің жолдары қандай? Толығырақ«Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
683

Қызылорда облысында өсімдік майы өндірілетін болады

Қызылорда облысында тамшылатып суару әдісімен 12 мың гектар жерге майлы дақылдар егу, одан өсімдік майын өндіру жоспарланып отыр. Бүгінде оған Иран мемлекетінен инвестиция тартылуда, деп хабарлайды облыстың әкмідіктің баспасөз қызметі. Ауыл шаруашылығы саласында одан да бөлек ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Индустрияландыру бағдарламасына енгізілген автоматтандырылған жылыжай кешендерін жүзеге асыру мақсатында «Жоғары Аграрлық Одақ» және ҚазАгроМир» ЖШС жұмыстар атқаруда. Фермерлер ірі типтік бордақылау алаңдарын салуға үлкен қызығушылық танытуда. Жыл соңына дейін Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бас, Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 мың бас сиырға арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр. Жалағаш ауданында осындай нысан келесі ж…

0
0
1077

Ричард Майяға сезімін білдіре ала ма?

Бүгін 18:35-те «Жүрегім сізге аманат» телехикаясының 86-бөлімін көріңіз.

Майяның қуанышында шек жоқ. Себебі, оны қиялындағы ханзадасы – Ричард мырза кездесуге шақырды. Алайда, Майя Ричардтың өзіне деген қарым-қатынасының өзгергеніне таң қалып жүр. Ал, Ричардтың  оған деген ниеті таза.

Десе де, бүгінгі кездесуде не қызық болатынын білгіңіз келе ме? Майя арманындағы жанның қасында  өзін қалай ұстайды?

Бүгін 18:35-те «Жүрегім сізге аманат» телехикаясының 86-бөлімін көріңіз.

0
0
385

«Қыздар сұлу көрінер...»

Бояу, бояну тақырыбына арналған «Айтуға оңай...» хабарын бүгін 20:20-да көріңіз.

Бүгінде бет-әлпетіне бояу жақпайтын бойжеткендер аз. Бірі опа-далапты жұқалап жақса, бірі шектес тыс қолданады.

Жасанды қас-кірпікті де көшеде екінің бірінен кездестіруге болады. Қазір қыз-келіншекті қойып, кейбір ерлер де бояуға жақын.

Ішкі сұлулықтан бұрын сыртқы сұлулықты ойлайтындар денсаулықтың жағдайы қалай? Дәрігерлер мен косметологтар не дейді?

Мамандардан денсаулықты қалай күту туралы кеңес алғыңыз келсе, бүгін 20:20-да «Айтуға оңай...» хабарын көріңіз.

0
0
839