Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Балапан» телеарнасы байқау жариялайды

Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды. Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады.    Байқау талабы бойынша  туынды 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған, бұрын БАҚ-да, кітаптарда жарияланбаған болуы керек.    Сондай-ақ, кемінде екі бет болуы тиіс (12 шрифт). Ал, ертегі жанрына шектеу қойылмайды.    Ең үздік ертегінің желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады.   Айта кетейік, байқау 25 тамызға дейін жалғасады.   Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

E-mail: [email protected]

0
0
1577

Йоганың жаңа түрі пайда болды

«Эйр йога» - төбеде ілініп тұратын гамактардың көмегімен ауада жасалатын жаттығу. II ғасырда пайда болған йога жаттығу тәсілдері мен тәжірибесі арқылы адамды өзін-өзі ұстауға, сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін сабырлылыққа баулуға үйретеді. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Сондай-ақ, денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру. Раджа, карма, джанана, бхакти және хатха сынды бағыттардан тұратын йоганың тағы бір түрі пайда болды. Басты шарты төбеде ілініп тұратын гамактардың көмегімен ауада қалықтап жаттығу жасау керек болғандықтан, оған «Эйр йога» деген атау берілді. Баяу және жылдам, әрі экстремалды қимыл-қозғалоыста жасалатын эйр-йога адамға психологиялық, физикалық тұрғыдан көмек береді. Елімізде енді ғана қарқын алып келе жатқан йоганың…

0
0
711

WBA рейтингі: Бейбіт Шүменов ТОП-15-те көш бастап тұр

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша, әлем боксшыларының рейтингі жаңартылды.Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде орындарын сақтап қалды.

Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 келіге дейін) ТОП-15-те көш бастап тұр, Қанат Ислам бірінші орташа салмақ дәрежесінде (69,8 келіге дейін) 6-шы орында, ал Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дәрежесінде 53,5 келіге дейін) 2-ші орында тұр.

0
0
379

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады

20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін және 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Қазтелерадио» АҚ-да тоқсандық жоспарлы-тәжірибелік жұмыстардың  жүргізілуіне байланысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады. Нақтырақ айтқанда, 20 шілде сағат 03:00-17:00 аралығында  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша көрсетілмейді. 21 шілде күні сағат 14:00-16:00 аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының аналогтық хабар тарату бағдарламасында бақылау жұмыстары жүргізіледі. Ал, «Отау ТВ» желісіндегі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының хабарлары 14:00-16:00 аралығында күнделікті кесте бойынша тарайды.

0
0
278

Сәуле Досжанова: Дүкенбай Досжанды еске алуға арналған кешті қазақ әдебиетіне құрмет деп қабылдаймын

Ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Досжанова «Таңшолпанда» қонақта болды. 12 маусым күні Қызылордада жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанды еске алу шарасы өтті. Осыған орай ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Досжанова «Таңшолпанда» қонақта болды. «Еске алу кешіне Алматы, Астанадан зиялы қауым, саяси элита өкілдері қатысты. Онда жазушының шығармашылығы, өмірі, жалпы қазақ әдебиеті туралы әңгіме өрбіді. Бұл кешті тек Дүкенбай Досжанды еске алу деп емес, жалпы қазақ әдебиетіне құрмет деп қабылдауға болады»,-дейді ақынның жары. «Биыл «Тарланбоз» деген кітап шыққан еді. Онда Дүкеңнің Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев ағаларымыз бастаған замандастарының естеліктері, Дүкең туралы айтылған жақсы сөз, оның шығармашылығына талдау –енді. Сонымен қатар, өзімнің «Менің жалғыз сер…

0
0
653

Шертпе күйдің шебері – Тәттімбет

Тәттімбет Қазанғапұлының шығармашылығы туралы бүгін «Ғасырлар үні» хабарынан көріңіз. Шертпе күйді орындау мектебінің негізін салушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлының күйлері лирикалық тереңдігімен, сезімнің дарқандығымен ерекшеленеді. Оның шығармаларының музыкалық тілі орындау мәнерінің күрделілігіне, өзіндік баяндауға негізделген әрі жеңіл қабылданады. Тәттімбет күйлерінің тақырыбы әрқилы. Оның «Қосбасар», «Саржайлау», «Сары өзен», «Терісқақпай», «Былқылдақ», «Боз айғыр», «Балбырауын», «Қара жорға», «Сылқылдақ», «Көкейкесті» және т.б. шығармалары осыған дәлел. Күйшінің көптеген күйі камералық-аспаптық, симфониялық, опералық шығармаларда қолданылды. Мысалы: Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында «Былқылдақ», «Қосбасар», «Жамбыл» фильмінде «Саржайлау» күйі пайдаланылды. М.Сағатов эс…

0
0
721

Қадір түнін қалай өткізген жөн?

«Иман айнасы» хабары бүгін қасиетті түннің маңыздылығына тоқталмақ. Ең қасиетті түн – Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық, деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал, кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан, Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Қадір түнінің өзге түндерден артықшылығы сол – ол түні періштелер Жер бетіне Алла Тағаладан қайыр-береке мен мол жақсылық ала түседі.   

Бүгін 12:40-та «Иман айнасынан» көріңіз.

0
0
213

Кенже Жұманұлы: «Алтын қалам» байқауының берері көп

Тележүргізуші, «Алтын қалам» байқауының ұйымдастырушысы Кенже Жұманұлы бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Байқаудың мақсаты мен шарттары төңірегінде әңгіме өрбіткен ол: «Байқау алғаш рет 2010 жылы басталған. Әуелде байқау қалай болар екен, деп ойлаған едік, бірақ биыл төртінші маусымын ұйымдастырып отырмыз. Соған қарағанда, қатысушылардың жобаға деген ынтасы жоғары сияқты. Қазір конкурсқа шығармалар қабылдаудамыз»,-дейді. «Байқаудың берері көп. Бүгінде қазақ әдебиеті тоқырауға ұшыраған секілді. Себебі, қаламгерлердің өзара байланысы жоқ. Қаламгер мен оқырманның арасындағы байланыс үзілген сияқты. Ал, газеттер қандайда бір кітаптың жарыққа шыққанын ғана айтуда. Бір қарағанда, әдебиетте тыныштық орнағандай. Алайда, жазып жатқандар өте көп екенін біз осы конкурс барысында байқадық. Олар…

0
0
633

«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының келесі айналымына шықты

Алматылық «Қайрат» клубы өз алаңында сербиялық «Цервена Звезда» клубын 2:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» футбол клубы «Цервена Звезда» клубын екі ойында да ұтып, жарыстың келесі кезеңіне өтті. 2 шілдеде Сербияда өткен алғашқы ойында «Қайрат» клубы сырт алаңда жергілікті команданы 2:0 есебімен ұтқан. Ал, Қазақстанда өткен жауап ойында қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қос ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» командасы «Цервена Звезда» клубын 4:1 есебімен жеңді. «Қайраттың» келесі кезеңдегі қарсыласы алдағы уақытта белгілі болмақ. Еске сала кетейік,

Еуропа Лигасында ойнайтын «Ордабасы» мен «Бейтар» арасындағы кезедсуді бүгін сағат 23:00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

0
0
179

Назардан тыс қалған көше

Қаншама жылдан бері өгей баланың күйін кешіп келеміз. Өйткені, біздің талап-арыздарымызға басшылық тарапынан назар аударылмай келеді. Осылай деген Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» елді мекенінің тұрғындары телеарнаға шағымдарын жеткізді. Халықтың бұлай деп айтуының басты себебі – мұндағы тұрғын үйлердің кейбіріне газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілмеген. Тұрғындардың талап тілектерін тыңдап қайтқан тілші материалы толықтырады. Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды. Бұл талай жылдан бері үйіме табиғи отын кіргізілсін деп, талай есікті қаққан тұрғындардың жәйі. Бірақ, бұл өтініш «Шалғай Қарасу» елді мекенінің барлық тұрғындарына қатысты емес. Арыз-шағымдарын айтқан мұндағы халықтың айтуынша, бұл аймаққа көгілдір отын тартылғанына 5 жылға жуықтаған. Алайда, бұл жұмыстардан неге екені бел…

0
0
383