Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Өнерпаз болсаң, арқалан»

Ерекше әуестіктерін өнерге айналдыра білген жандар бүгін «Айтуға оңайда» қонақта. Қазақта әуес, әуестік деген ұғым бар. Бүгінгі тілмен айтқанда, хобби дейміз. Әлдебір нәрсемен ерекше ыждаһаттылықпен айналысатын, әлдебір бұйымдарды ұқыпты түрде жинап жүретін жандар болады. Олардың бірі кітап жинаса, бірі пошта маркаларын, бірі қаламсап, енді бірі ескі автокөліктерді жинаумен айналысады. Ал, «Айтуға оңайдың»  бүгінгі кейіпкерлері тіптен ерекше. Олар сол әуестікті өнерге айналдыра білген жандар. Бүгін 21:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
642

Ең алғашқы автобус қалай пайда болды?

Автобусты бұрын әскер қатарында болған офицер Станислас Бодри ойлап тапқан. XIX ғасырдың басында әйгілі Наполеон Ватерлоо шайқасында жеңіліс тауып, жер қайысқан әскер тарайды. Наполеонның сенімді серігі болған офицер Станислас Бодри отставкаға шыққан соң, шағын бизнеспен айналысады. Станислас алдымен қала шетінен үлкен монша ашады. Алайда, күн санап, оған келушілер азая бастайды. Оның басты себебі – моншаның қаладан шалғайда орналасқандығы еді. Шағын бизнесін енді ғана бастаған кәсіпкер әбден ойланады. Бірнеше күн өткен соң, моншаға тікелей қатынайтын атты экипаж ойлап табады. Оған «Омнибус» деген ат қояды. Ең өкініштісі, Станисластың моншасына келушілердің саны бәрібір көбеймейді. Қатты ашуланған ол өзінің омнибусын жетілдіріп, 1827 жылы патент алады. Кейін екі қабатты омнибустар да шықт…

0
0
1171

«Түнгі студияда» — Динара Сұлтан

2006 жылы «SuperStar.KZ» республикалық конкурсына қатысқан әнші финалға дейін барады. Кейін «China Town» тобында өнер көрсетеді. Динараның музыкаға деген қабілеті бес жасынан-ақ байқала бастаған. Музыкадан алғашқы сабақты анасынан алады. Мектеп кезінде талай музыкалық конкурсқа қатысып, бас жүлде иеленген. Әнші болуды, сахнада көрінуді мақсат еткен Динара тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін, музыка колледжіне түсу үшін Алматыға келеді. Мұнда ол КСРО-ның Еңбек сіңірген әртісі Лаки Кесоглудан тәлім алады. 2006 жылы «SuperStar.KZ» республикалық конкурсына қатысқан әнші финалға дейін барады. Кейін «China Town» тобында өнер көрсетеді. Көпшілікке Динара Сұлтан ретінде танылған әнші бүгін 23:40-та «Түнгі студияда» қонақта.

0
0
288

Қайрат Сақ: Журналистика – өмір бойы ізденетін мамандық

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. 7 шілде күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің 2015 жылғы түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Осыған орай факультет деканы, профессор Қайрат Сақ бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Біздің факультеттің ашылғанына бес жыл толды. Сол бес жылдың ішінде үлкен өсу бар. Егер факультет құрылған кезде біздің студенттер контингенті 200-дің шамасында болса, қазір 800-ден асты. Соныңбиыл 180-ге жуығы бітіріп жатыр. 130-ы бакалавриат болса, қалған 47-сі магистратура академиялық дәрежесін алып шықты. Биылғы ерекшелік – бізде қоғаммен байланыс деген мамандық ашылған. Соның алғашқы…

0
0
695

Джон Рокфеллер қандай қағида ұстанған?

Әлемнің ең бай миллиардері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. «Бүгін үнемдеген 1 долларың бір айдан соң өзіңе 5 доллар әкеледі»,-деген қатаң қағидамен 98 жыл өмір сүрген әлемнің ең бай миллиардері Джон Рокфеллерді білмейтін жан жоқ шығар. Ол – «Forbes» журналының жұлдызы, қоржынында 30 миллиард доллары ғана емес, қосымша 9 құрылыс компаниясы, 9 банкі, 1000 га ауылшаруашылық округі және Американың барлық 95 пайыз мұнай өнеркәсібіне иелік етеді. Бала кезінен түрлі тәтті мен ойыншықтан гөрі, ақшаға деген құмарлығы ерекше байқалыпты. Мысалы, небәрі жеті жасында әпкелеріне дүкен бағасынан екі есе қымбатқа кәмпит сатып, жабайы күркетауықтарды фермерлерге өткізіп, тапқан тиын-тебенін балмұздаққа жұмсамай, жинай білген. Арасында әкесіне де пайыздық мөлшермен ақша беріп тұрыпты. Джонның әкес…

0
0
549

Жасөспірімдерді кәсіпкерлікке тарту жайы қалай?

SAGE жобасының үйлестірушісі Айнұр Бектемірова бүгін «Өзекжарды» хабарында осы мәселеге қатысты әңгіме өрбітеді. Мектеп оқушыларының кәсіпкерліктің не екенін ұғынуы үшін SAGE жобасы аса тиімді. Бүгінде бағдарлама әлемдегі 20 дамушы елдің 7,5 мыңнан астам жоғары сынып оқушыларының басын біріктіріп отыр. Жоба Қазақстанда 2013 жылдан бері жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама білім алушылар арасында үлкен табысқа ие. Мұнда оқушылар өз ісін ашудың қыр-сырына, топта жұмыс жасауға, түрлі презентациялар өткізуге, демеушілер тартуға машықтанады. Сондай-ақ, заманауи экономикалық, әлеуметтік және экологиялық процестерді ұлттық және жаһандық көлемде түсінуге үйренеді. Жасөспірімдерді кәсіпкерлікке тарту жұмыстарының барысы туралы бүгін 17:50-де «Өзекжарды» хабарында SAGE жобасының үйлестірушісі Айнұр…

0
0
215

Жандәулет Батай: Біздің мамандық – жауапкершілігі мол мамандық

Астана қаласы Жастар театрының актері Жандәулет Батай «Таңшолпанда» қонақта болды. Театр қызметі, актер мамандығы турасында ой өрбіткен актер: «Театрдағы әр қойылымның халыққа айтар ойы бар. Әр қойылымнан залдағы көрерменнің бір-екеуі болсын ой түйіп кетсе, соның өзі бізге жетістік. Сондықтан, біздің мамандық – жауапкершілігі мол мамандық, деп білемін»,- дейді. «Біздің театрда 20-дан астам спектакль қойылып келеді. Оның әрқайсысының бағыты, мақсаты бар. Әр туындының жүгі бөлек. Балаларға, жасөспірімдерге арналған қойылымдар балалардың патриотизмін сәби кезінен қалыптастыруға септігін тигізеді. Әр адам өз бағыты бойынша, мейлі ол өнер, мейлі спорт болсын, патриотизмді арттыруға үлес қосқаны абзал. Бізде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көп». «Қазақ хандығының 550 жылдығына, EXPO-2017…

0
0
455

Шәкизада: «Аққу арман» әнін қайтадан өңдеп, көрерменге ұсынамын

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Шәкизада бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарымен бөліскен әнші: «Жуырда Әлішер Кәрімовпен бірге «Саған ғана» атты әнге бейнебаян түсірдік. Әнін – Арман Бексұлтан, сөзін – Талант Арынғали жазды. Фариза апамыздың сөзіне жазылған Ермек Елгезековтің «Бал сезім» атты әні Моңғолияда түсірілді. Бұл екі бейнебаян қазір халық назарына ұсынылды. Тағы бір «Қыз ұзату» деген жаңа ән бар. Асқар Жайлаубаевтың әні. Әлі бояуы кеппеген ән»,-дейді. «Мені көпшілікке танытқан Қыдырбек Мәлібековтың «Аққу арман» әні еді. Бұл әнді барған жерімде көпшілік жиі сұрайды. Әнді жаңартып, халыққа жаңаша түрде ұсыну бұрыннан да ойымда жүрген. «Аққу арманның» бейнебаяны бар, бірақ, келешекте қайтадан өңдеп, көрерменге ұсынамын». Толығырақ – «Таңшолпанд…

0
0
650

Отандық компанияларға жас маман керек пе?

Назарбаев университетінің тұңғыш түлектерінің ендігі қадамы туралы толығырақ бүгін 19:10-да «Журналистік зерттеуден» көріңіз.

Назарбаев Университеті – еліміздің беткеұстар жоғары оқу орны. Университет қазіргі заманның ең озық технологияларымен жабдықталған. Ғылым мен білімнің ­заманауи үлгілері, инновациялық технологиялар да – осында. Оқу орны  2010 жылы құрылған болатын. Көзді ашып-жұмғанша алғашқы түлектері де оқуды тәмамдады. Университетті құрудағы о бастағы мақсат – әлемдік көштен қалмай, дамыған озық мемлекеттердің кадрларымен иық теңестіре алатын мамандарды өзімізде даярлау. Себебі, сапалы білім, білікті маман – заман талабы.

Универсетитеттің тұңғыш түлектерінің енді жоспары қандай? Түлектерге отандық компаниялардан ұсыныс түсті ме? Бүгін 19:10-да «Журналистік зерттеуден» көріңіз.

0
0
311

Бенни Хилл, Роуэн Аткинсон, Джим Керри актерлікке қалай келді?

Әзіл-сықақ актерлері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. Бенни Хиллдің азан шақырып қойған есімі – Альфред Хоторн. Есімін менсінбеген Альфред сүйікті актері Джек Беннидің тегін лақап ат етіп алады. Ал, Бенни Хилл актерлікке қалай келді? Бала күнінде ол дос-жарандарының бүкіл қылығын қайталаудан жалықпай, анасының құрбыларының айтқан әңгімелерін қағып алып, сол күйінде көшеге шығып, айнытпай салатын көрінеді. Алайда, Бенни 16 жасқа келгенде әкесі үйінен қуып жібереді. Атасы талантты немересін қолдап, таныс әртістеріне немересі туралы айтады. Осылайша, сүт сатып жүрген бозбала бір-ақ күнде әртіс болып шыға келеді. Көпшілікке Мистер Бинн ретінде танылған Роуэн Аткинсон ерекше юморы арқылы төрткүл дүниеге әйгілі актер. Бір қызығы, Мистер Бинн алғашқыда актер боламын, деп ойламаған…

0
0
279