Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Флойд Мейвезер бокспен қош айтысты

Әйгілі американдық боксшы Флойд Мейвезер өзінің Андре Бертомен болған кездесуі оның кәсіби бокстағы соңғы жарысы екендігін растады.

«Менің бокстағы жолым осымен бітті. Қашан және қандай жағдайда тоқтау қажеттігін әркім білуі керек. Қазір менің осындай шешім қабылдайтын уақытым келіп тұр. Мен бокспен 19 жыл бірге болдым, оның 18 жылында чемпион болдым.

Менің денсаулық жағдайым жақсы, қаржылық жағдайым да қиын деп айта алмаймын. Менің тарихтағы орныма келетін болсақ, ол туралы ештеңе айтқым келмейді. Оған бокс жанкүйерлері баға бере жатар. Алайда, мен өзімнің рекордымды кімнің жаңартатынын ерекше қызығушылықпен бақылайтын боламын»,-дейді бокс жұлдызы ESPN басылымына берген сұхбатында.

0
0
217

Бүгін — Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні. Аталған мереке елімізде 2013 жылдан бері аталып өтіледі.

Бұл күнді мерекелеу - отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделген.

Отбасы күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні деп бекітілген.

1
0
927

«Монстрлар университеті» мультфильмін көріңіз

Режиссер Дэн Скэнлонның «Монстрлар университеті» мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:40-та көре аласыздар.

Майк пен Салли — Монстрополистегі ең шыңдалған қорқытушылар, бірақ, әрдайым бұлай болмаған еді. Алғаш кездескенде бұл екі монстр бірін-бірі жек көретін.

«Монстрлар университеті» алғаш танысқаннан-ақ, бір-біріне қырын қарап басталған таныстықтың соңы  мызғымас достыққа ұласқан аралықты баяндайды.

Режиссер Дэн Скэнлонның  «Монстрлар университеті» мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:40-та көре аласыздар.

0
0
1538

Бүгін Астананың барлық мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сабақ өткізіледі

Бүгін Астананың барлық мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сабақ өткізіледі. Бұл тарихи датаны барлық қазақстандық бүгіннен бастап 13 қыркүйекке дейін мерекелейді. Елордада «Қазақ елі» алаңында 50 киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна, спорт алаңдары, алтыбақандар, тайқазан орнатылды. Мерекелік шараға 10 мыңнан астам адам қатысады, деп жоспарланған. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты ойын-сауық және концерттік бағдарлама ұсынады. Еліміздің әр өңірі үздік хореографиялық ұжымдардың, ансамбльдердің, халық және эстрада өнерінің солистерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламадан басқа, көрермендер назарына «Қазақстанның ежелгі қалалары» бейнепрезентациясын, «Қазақ ұлттық киімінің тарихы арқылы халық тарихын жеткізу» атты сән фестивалін, «Сиқырлы б…

0
0
200

Көшпендінің жеті қазынасы...

Қыркүйек айының 2-ші жексенбісі елімізде отбасы күні мерекесі боп белгіленгені белгілі.

Осынау орасан зор маңызы бар мейрамға қостанайлық шығармашылық иелерінің отбасы қала тұрғындарына арнап сый жасады. Көрермен назарына кезекті көрме ұсынды. Ұйымдастырылған шара барысында ұлтымыздың құндылықтары – 7 қазынасы ұлықталды

Жоғарыда айтып кеткендей, жалғыз Баян Баталованың ғана жасаған туындылары жұрт назарын жаулаған жоқ. Көрмеге суретшінің жұбайы – Сабыржан Әбдікәрімовтың де,  ұлдары - Марлен Шетлер мен немерелері - Жасмин Шетлердің шығармалары қойылған. Бұл бастамаға көрермен қауым ризашылықтарын білдіріп, бояулар әлеміне бойлап қайтты.

0
0
231

10 мыңнан астам тұрғыны бар Ленин елді мекеніндегі қоғамдық тәртіпті небәрі екі учаскелік полицей күзетуде

10 мыңнан астам тұрғыны бар Ленин елді мекеніндегі қоғамдық тәртіпті небәрі екі учаскелік полицей күзетуде. Ал қылмыс орын алса, тәртіп сақшылары жаяу жүруге мәжбүр. Бөлінген көлік жұмыс істемейді. Мамыр айында болған бұл қайта құрылымдаудан кейін ауылдағы криминагендік жағдай өрши түскен. Ленин кенті тұрғындарының өкпе-назын тындап қайтқан тілшіміз толықтырады. Павлодар қаласының құрметті азаматы Махмет Демисинов Ленин кентінде 51 жыл тұрады. Сондықтан ауыл ақсақалы елді мекеннің тыныс-тіршілігімен етене таныс. Айтуынша, тәртіп сақшылар саны қысқарғалы ауылдағы қылмыстардың саны да артты. Ұрлық-қарлық демекші, биыл сегіз айда Ленин кентінде 34 қылмыс орын алған. Соның 11-і ұрлық пен тонау фактілері бойынша болып отыр. Тұрғындар жергілікті әкімдікке назалы. Әкім-қаралар қол қусырып отыр д…

0
0
261

Ұстаздық еткен жалықпас...

Ол – осы күні Науырзым ауданы Қожа ауылының тұрғыны. Дүние есігін Егінсай елді-мекенінде ашып,алтын ұя табалдырығын алғаш 1943- жылы аттайды.Міне,осылайша, оның білім әлеміне бойлауы басталады. Бастауыш сыныпта алған ілімін ілгерілету үшін, 1950-ші жылы аталмыш аудандағы 7 жылдық мектепті,кейін,1953-ші жылы Әулиекөлдегі Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ орта мектебін тәмәмдайды. Тиісінше, түлек сол жылы Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түседі. Оқу ордасы қабырғасында жанына жақын жаратылыстану факультетін тәмәмдап,1957-ші жылдың 1-ші қыркүйегінде ол кезде орталау деп аталатын Науырзым мектебіне мұғалім болып келеді. Ұстаздық етуді ұлы іс деп ұғынған кейіпкеріміз,киелі мамандық тізгінін ұстауға кішкентайынан қызығады Тиянақтылығымен танылып, жауапкершілігімен көзге түсе білген ж…

0
0
388

Қыз жүрегіне қалай жол тапқан жөн?

«Таңшолпан» жігіттерге кеңес ұсынады. Кейде жігіттер қауымы ұнатқан қызына сезімін білдіре алмай, сан соғып жатады. Дәл сондай сәттерде қыз жүрегіне қалай жол тапқан жөн? Кездесу кезінде қателіктерге бой алдырмас үшін алғашқы үш қағиданы жадыңызда ұстаңыз. Алғашқысы: өзіңізге ұнаған жанға шамадан тыс ұнауға тырыспау. Бұл - булыққан сезімді бұғаулау деген сөз емес. Сіз оған өз сезіміңіз туралы бір көргенде-ақ айтуыңызға болады. Алайда, жан-дүниеңіздегі жайттарды бірден жайып тастамау керек. Екінші қағида: кездесу кезінде шағым айтпаған абзал. Себебі, жолы болмаған жан ешкімді қызықтырмайды. Сондықтан, ұнамсыз әңгімелерге жол бермеңіз. «Мені айналамдағылар жақсы көреді», деген сенім болғанда ғана жетістікке жетесіз. Үшінші қағида: шектен шыққан әзілге жол бемеу. Алайда, бұл қызықты әңгіме а…

0
0
304

Зілтемірші Ермек Өміртай Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түсті. 85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ермек Өміртай қоссайыс нәтижесі бойынша 364 (161 + 203) келі көтеріп, Азия чемпионы атанды. Ал, екінші орынды 363 (161 + 202) келі көтерген қытайлық Сун Вей алса, үшінші орынға 359 (161 + 198) келіні еңсерген Оңтүстік Корея елінің өкілі Лим Юнг-чулу тұрақтады. Сонымен қатар, осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Семен Линдер 166 келіні жұлқа көтеріп, «кіші алтын» ұтып алды. Ал, жалпы жарыста 4-ші орын иеленді. Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін бұл Азия чемпионатындағы төртінші медаль. Осыған дейін Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева елімізге қола жүлде әкелсе, Айдар Қазов (77 келі) алтын медаль…

0
0
257

Грек-рим стилінің палуаны Алмат Кебіспаев Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Грек-рим күресінің шебері Алмат Кебіспаев Лас-Вегаста (АҚШ) күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі.

Алмат қола жүлде үшін таласта белорусьтік Сослан Дауровты жеңді.

Осылайша, Алмат өзінің командалас әріптесі Досжан Қартықовтың жеңісті жолын жалғастырып, Қазақстан қоржынына екінші қола жүлдені салды.

Сонымен қатар, төртжылдықтың басты додасы саналатын – 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасын еншіледі.

0
0
646