Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Эфирде «Айгөлек» балалар сазды жобасы

Бүгін «Айгөлектенің» концертін сағат 11:50-де көріңіз.

Жаңалыққа толы жаңа маусымда қаншама жас өнерпаздың жолы мен бағын ашқан «Айгөлек» сазды жобасы бүгіннен бастап Ұлттық арна эфирінен көрермендерге жол тартады.

«Айгөлектің» маусымашар концертінде жас талантты әншілердің әнін, мың бұралған биші қыздардың биімен қатар, елімізге белгілі әншілердің әндерін тыңдай аласыз.

«Айгөлек» балалар сазды жобасын бүгін сағат 11:50-де тамашалай аласыздар.

0
0
376

Айгүл Иманбаеваның шығармашылық кеші

Былтыр ол «Сен ғана...» атты шығармашлық кешін өткізген.

Әнші, актираса Айгүл Иманбаеваны халық 2001 жылғы «Ұят болмасын» бағдарламасындағы келін образымен таниды. Ол ең алғашқы жеке ән кешін 2007 жылы «Таңғы елес» деген атпен өткізген.

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері 2011 жылы «А.И» атты жеке драма театрын ашқан. Айгүл Иманбаева көрермендерге  Ж.Ануйдің «Медея» трагедиясы мен Ш.Бошпековтың «Темір қатын» комедиясын ұсынып үлгерді.

Айгүл Иманбаеваның ән кешін бүгін 20:05-те  Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

0
0
269

«Сенбілік кездесуде» — Исраил Сапарбай

Исраил Сапарбай 15.5.1941 жылы Өзбекстан, Самарқанд облысы Кушрабад ауданында туған. Шымкент педогогикалық институтының филология факултетін бітірген соң ол бірнеше жыл облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген. 1976 – 83 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарып, 1983 жылдары «Жалын» баспасына аға редакторлыққа ауысқан. 1984 – 85 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1985 – 92 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары болған. Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. Исраил Сапарбайдың «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махабб…

0
0
530

«Қара шаңырақ» телехикаясын көріңіз

Туындының қайталау бөлімдерін сенбі-жексенбі күндері сағат 17:50-де тамашалай аласыздар. «Қара шаңырақ» телехикаясы - отбасы құндылықтарын насихаттайтын бірден-бір отандық туынды. Телехикаяның көрерменін бірден тапқан себебі – қарапайым қазақ отбасы, әке аманаты, ана махаббаты, бауырлардың сыйластығы. Туындының халыққа жақындығынан болар, көрерменнің сұрауы бойынша, телехикая Ұлттық арна эфирінен сенбі-жексенбі күндері қайта көрсетіліп жатыр. Күнделікті өмірде кездесетін қуаныш пен қайғы, сәтсіздік пен сатқындық, әркімнің отбасында болатын басқа да жағдайлар телехикаяда көрініс тапқан. Кәсіпкер Әлішер, спортшы Дәулет, қара шаңырақпен қатар, шаруашылықтың да тізгінін ұстаған Мәди. Бұл үш кейіпкер үш түрлі, мақсаттары да әрқилы. Бірақ, оларды біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – Қара шаңырақ. Б…

0
0
322

«Мақшардан жеткен хаттар» драмасын көріңіз

Режиссер Хиунг-мин Лидің фильмінде басты рөльдерді Ким Джэ Джун, Хан Хё Чжу сомдайды.

Саки деген  қыз өз жақындары мен туыстарының хабарын о дүниеге жеткізетін хат тасушыны кездестіреді. Хат тасушы о дүниеге орала алмайды, себебі, жер бетінде оның аяқталмаған ісі бар.

Бұл іс - өзінің сүйіктісінің өліміне сене алмай жүрген Сакидің күйзелісін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:50-де көре аласыздар.

0
0
666

«Қазақстан» телеарнасында әзілкештердің «жекпе-жегі»

«Күлкінің бір минуты өміріңізді ұзартады» деген халық сөзі бар. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» нақылын ұстанған дана халқымыз, әзіл сөзді, қалжыңды ерекше бағалайды. «Көңілашар» театрының әртістерінің нағыз, тума талант әзілкештерінің әзілдері халық ойынан шығады деген ойдамыз. Жобаның әрбір бағдарламасы бұл – күлкілі монологтардан, жақсы әндер мен мың бұралған бишілердің және керемет көңіл-күйдің ғажайып кеші! «Көңілашар» жобасының ұйымдастырушылары қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін көрермендерге жеткізудің жолы ретінде әзілді таңдады. Еліміздің ең үздік әзілкеші Тұрсынбек Қабатов бастаған бағдарламаның бір топ қатысушылары жалпы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайды. Жобаның продюсері, әрі жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов өз жобасы жайында: «Бұл бағдарлама көрермендерге әзіл мен мысқы…

0
0
375

«Қазақстан» телеарнасында «Біздің ағай» хикаясының тұсаукесері өтеді

12 қазан күні «Қазақстан» телеарнасында 16 сериялық «Біздің ағай» комедиялық хикаясының тұсаукесері өтеді. Телехикая зейнеткерлікке шығып, танымал блогер және жастардың тәлімгері атанған ауыл ақсақалы туралы баяндайды. Бұл қызықты оқиға заманауи өмірді бейнелейді. Оқиға Жамбыл облысындағы Шу ауданында өтеді. Хикаяның бас кейіпкерлері Жомарт ағаның отбасы және сол отбасының жанына топтасқан ауылдастары. Жомарт аға ауылдық мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Өмір бойы сүйікті қызметімен айналысқан ақсақал зейнеткерлікке шығады. Мұндай адам үйде тыныш отыра алмайтыны белгілі. Аяқ астынан ауылдастарының ақылшысына айналғанын Жомарт ағаның өзі де байқамай қалады. Ақсақал бұл – өскелең ұрпаққа үлгі боларлық нағыз жан. Нағыз ақсақал болуды кім армандамайды дейсіз?! Бірақ құрмет пен сыйға бөлену екі…

0
0
566

Премьера сериала «Біздің ағай» стартует на телеканале «Казахстан»

12-го октября на телеканале «Казахстан» состоится премьера 16-ти серийного комедийного сериала «Біздің ағай». Телесериал раскроет зрителям интересные истории старика из аула, который активно начинает жить на пенсии, становится популярным блогером и наставником молодежи. Это интересная история разворачивается в наши дни, события сериала происходят в одном небольшом ауле, точнее Чуйском районе, Джамбульской области. Главные герои сериала – семья дяди Жомарт, вокруг которой сплочились односельчане. Жомарт ага, преподаватель истории в сельской школе. Проработав всю жизнь учителем, посвятив себя любимому делу, он, наконец, выходит на пенсию. Для такого человека сидеть без дела равноценно мучению. Поэтому дядя Жомарт и сам не замечает, как он становится аксакалом который советует и направляет с…

0
0
348

«Сын сағат» драмасын көріңіз

Режиссері - Ин-му Хео.

Елдің маңдайалды университетінің актерлік бөлімінде оқитын төрт студент қыз болашақта жарқын өмір сүретіндеріне кәміл сенетін.

Әзірше олар түнгі клубтарға барып, өздері құралпы жастармен танысып уақыт өткізеді. Бірақ, өмірде бәрі олар ойлағандай оңай болмайды.

Қателіктер мен өкінішті сәттер де болады екен. Арасындағы бір қыз үлкен жобаға ілініп, түсірілімге қатысатын сәтте олардың достығына қатер төнеді. Бұл сынақтан қалай өтер екен?

Юн Ын Хе, Пак Хань Пёль, Чха Йе Рён басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:00-де көре аласыздар.

0
0
1054

«Жігіттер» квартетінің концерті

Алғаш халық алдына «Ерке қызбен» шыққан топтың бүгінде өзіндік орны бар.

«Жігіттер» – тек қана қазақ әндерін, оның ішінде дәстүрлі өнерді жаңғыртып, жаңаша орындайтын ерекшелігі бар топ.

Ең алғаш 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауында бақ сынап, өздерінің әншілік қырымен көзге түсіп, сол шабыт арқаландырып Алматыға, үлкен сахнаға келген «Жігіттер» квартеті бүгінде бүкіл қазақ әндерін іздеп жүріп тыңдайтын топқа айналғаны баршаға аян.

Біраз уақыт бұрын квартеттің 10 жылдық мерейтойына орай «Жігіттер» халық алдында жеке шығармашылық концертін өткізді. Сол кештің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:55-те тамашалай аласыздар.

0
0
374