Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Жарқын бейне» Әбділда Тәжібаевты еске алмақ

Бүгін 14:25-те Ұлттық арнадан көріңіз. «...Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі – оның сыршыл лирик ақын болуында. Әбділда тек қазақ тарихының көлемінен ғана тақырып алмайды. Қазақ поэзиясына ол кіргізген интернационалдық ақындық мәдениет, іздену өрнектері де бар. Қазақ оқушысына Гейненің, Шевченконың, Пушкиннің, Лермонтов шығармаларының нәр-нақыстарын әкеледі...» Мұхтар Әуезов. Ұлы жазушы ұлы ақынға осылайша баға берген. Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Ақынның әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, ол шешесі Айманкүлдің қолында қалады. Жағдайына байланысты анасы алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан бол…

0
0
680

Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кеші

Кешті бүгін 20:05-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Оның кез келген әні жүректен шығып, жүректерге жетеді. Ол бүгінгінің жын-жыбыр әні емес, сабырлы, салиқалы туындыларымен-ақ көптің көңілінен шыға білген әнші. Қазақ өнерінің жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевты білмейтін қазақ, тыңдамайтын жан жоқ шығар, сірә.

Осыдан 2-3 ай бұрын әншінің жеке шығармашылық кеші өткен еді. Сол кешті бүгін 20:05-те  Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Айта кету керек, кештен  әншінің өзінің  ғана емес, ұстазы Алтынбек Қоразбаев, «МузАРТ» тобы, Тоқтар Серіков, Жанар Айжанова, Мөлдір Әуелбекова және Сандуғаш Стамғазиева сынды қазақ эстрадасы өнерпаздарының әндерін де тыңдай аласыздар.

0
0
332

«Сенбілік кездесуде» — Сейіл Аяған

Бард әнші Сейіл Аяғанмен кездесуді бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көре аласыздар. Бүгінде бард әншілер арасында танылып қалғандардың бірі – Сейіл Аяған. Қолына гитараны қалай алғанын, жалпы, өнерге қалай келгенін әнші былайша еске алады. «Алты жасымда әке-шешем маған домбыра алып бергені есімде. Ол кезде күні бойы ойын қуып үй көрмейміз. Кешке қарай ұйқыға бір жола келіп құлаймыз. Түн ортасы ұйқылы-ояу домбырамен айқайлап ән салатын көрінемін. Әке-шешем көрші-қолаңнан қысылғаннан, ертесіне «балам, түнде айқайлауға болмайды. Күндіз айт әнді», дейді екен. Сөйтсе, әкемнің апасы Қазыкен шешей ата-анама: «оятпаңдар, балаға бір құдірет қонғалы жүр», десе керек. Қазыкен апа кезінде өлең шығарған, ән салып, мандалин тартқан кісі. Кейінде домбырам сынып қалды. Содан совхозға гитара келді. Қаз…

0
0
784

«Атырау мұнайы. 70 жыл». Деректі фильм

Бүгін сағат 14:35-те Ұлттық арнадан көріңіз. Атырау мұнай өңдеу зауыты – Қазақстанның мұнай өңдеу саласының алғашқы қарлығашы. Елдегі мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі де осы кәсіпорын. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Мұнда негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өндіреді. Сондай-ақ, сусабындар, іштен жанатын қозғалтқыштарға арналған «Тосол-А-50М» майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған «Афол» сұйығы өндіріледі. Зауыттың алғашқы өнімі – автокөлік бензині. Ал, алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна болды. Алғашқы күннен бастап отындық нұсқа бойынша дамып, авиациялық және автомобильдік бензиндер, әртүрлі моторлық және қазандық отындарын шығарумен айналысты. Атырау мұнай өңдеу зауыты туралы толығы…

0
0
563

«Қара шаңырақ» телехикаясын көріңіз

Туындының қайталау бөлімдерін сенбі-жексенбі күндері сағат 17:50-де тамашалай аласыздар. «Қара шаңырақ» телехикаясы - отбасы құндылықтарын насихаттайтын бірден-бір отандық туынды. Телехикаяның көрерменін бірден тапқан себебі – қарапайым қазақ отбасы, әке аманаты, ана махаббаты, бауырлардың сыйластығы. Туындының халыққа жақындығынан болар, көрерменнің сұрауы бойынша, телехикая Ұлттық арна эфирінен сенбі-жексенбі күндері қайта көрсетіліп жатыр. Күнделікті өмірде кездесетін қуаныш пен қайғы, сәтсіздік пен сатқындық, әркімнің отбасында болатын басқа да жағдайлар телехикаяда көрініс тапқан. Кәсіпкер Әлішер, спортшы Дәулет, қара шаңырақпен қатар, шаруашылықтың да тізгінін ұстаған Мәди. Бұл үш кейіпкер үш түрлі, мақсаттары да әрқилы. Бірақ, оларды біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – Қара шаңырақ. Б…

0
0
435

«Жас жауынгер» драмасын көріңіз

Режиссер Чауей Чжудің фильмінде басты рөлдерді Жен Чанг, Ченгуа Чен, Руалан Гонг сомдайды.

Солтүстікте Соң әулеті билеп тұрған кезде, Юенің ауылында жауынгерлік өнер мектебі ашылады. Ынталы шәкіртті Чжоу Доң ұстаз басқа балалардан ерекше жақсы көретін.

Жауынгердің бағын сынға салған түрлі оқиғаларда сынақтан сүрінбей өткен Юе Фэй елдің мақтанышына айналады.  Басты рөлдерін Жен Чанг, Ченгуа Чен, Руалан Гонг сомдаған драманы бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
685

«Поэзия әлемінде» — Нұргүл Маулина

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Жас ақын Нұргүл Маулинаның шығармашылығы турасында ақын  Рахат Қосбармақ: «Бастысы, оның бойында шын ақынға тән тас жаратын талант, шынайы мөлдір сезім, ештеңеге айырбастауға болмайтын еліне, жеріне деген маздаған махаббат, Ардың туын биік ұстаған азаматтық көзқарас, айналадағы өмірді, қоғамда болып жатқан құбылыстарды суреткердің көзімен көре алатын сұңғыла қасиет бар», дейді.

Бұл ақынның ақынға берген жоғары бағасы. Сезімге толы мөлдір өлеңдері поэзиясүйер қауымның көңілінен орын алған Нұргүл ақынның өмірі мен шығармашылығы турасындағы хабарды бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:30-да тамашалай аласыздар.

0
0
1192

«Қош бол, Гүлсары!» фильмін көріңіз

Режиссер Ардақ Әмірқұловтың туындысын бүгін 00:20-да тамашалай аласыздар.

Фильм Шыңғыс Айтматов повесінің желісі бойынша түсірілген. Оқиғасы кеңестік Қазақстанның 50-ші жылдарын қамтитын фильмде колхозшы-коммунист Танабай мен оның Гүлсары атты сәйгүлігінің ғұмыры баяндалады.

Фильмде бас кейіпкер Танабайды қырғыз актері Доғдырбек Қыдырәлиев сомдаған. Гүлсары Тараз жылқы зауытынан алынған Гарпун атты сәйгүлік.

Режиссер Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» фильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 00:20-да тамашалай аласыздар.

0
0
1317

«Балапан» телеарнасының 5 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама басталды

Шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Туған күніңмен, «Балапан!» атты концертпен жалғасады.

Астанадағы «Қазмедиа» орталығының 1 қабатында «Балапан» телеарнасының  5 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама басталды.

Шара барысында ойын-сауықтық бағдарлама, «Балапанның» ертегі әлемі» атты көрме, түрлі ойындар,  қызықты қойылымдар ұйымдастырылады.

Мерекелік кеш эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Туған күніңмен, «Балапан!» атты  концертпен жалғасады.

0
0
726

«Астана» — «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды

Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Астана» - «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды. Айта кетейік, бес күннен кейін болатын ойынның билеттері онлайн режимде сатылуда. Матч жақындаған сайын кассаларда билет қалмауы мүмкін. Себебі әр минут сайын 6-7 билет сатылуда, деп хабарлайды «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының баспасөз қызметі. Сонымен қатар, испаниялық «Атлетико» мен португалиялық «Бенфикамен» болатын ойындарға да билеттер алуға болады. Инернет-кассаны пайдаланып, жанкүйерлер QR-коды бар арнайы электронды билет алады. Оны кейін елорданың үш жерінде орналасқан бекетте («Мега» орталығы, «Қазақстан» спорт кешені, «Конгресс-холл») қағазға шығарып алуға болады. Ойын 30 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 22:00-де өтеді. Осыған қоса, жанкүйерлер үшін «Астана-Арена» ст…

0
0
200