Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Еуразия Барысына» қатысатын шетелдік палуандар анықталды

Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде 9 қазанда өтетін қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турниріне Қазақстаннан өзге Түркия, Польша, Ресей, Грузия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Моңғолия елдерінің құрамалары қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Үшінші мәрте өтетін халықаралық турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады. Биылғы турнирде қатысушылардың салмақ дәрежелеріне қатысты өзгеріс бар. Бұған дейінгі екі турнирде палуандар 5 салмақ дәрежесі бойынша белдессе, биыл 7 салмақ бойынша күреседі (55, 66, 74, 82, 90, -100, +100 келі). Жылдағы үрдіс бойынша төрешілер құрамына шетелдік мамандар шақырылды. Былтырғы «Еуразия Барысы» турнирінің чемпиондары Моңғолия биыл жаңа құрамда бақ сынайды. Бақыт Однай жаттықтыратын команда кұрамы мынадай: 1. 55 келіге дейінгі салма…

0
0
498

ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES» Әлем біріншілігінде Бейбіт Назаров «Алтын белбеуін» екінші рет қорғап қалды

Бейбіт осыған дейін сәуір айында Алматыда өткен осындай Әлем біріншілігінде «KUNLUNFIGHT» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын

Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен аралас жекпе-жектен ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES» Әлем біріншілігінде Бейбіт Назаров осы турнирде өзінің «Алтын белбеуін» екінші рет қорғады.

Турнирге 15 елден ең мықты деген 22 спортшы қатысты. Ол қарсыласы Massimo Capusello-ны 20 секунд ішінде жеңіп, алтын белбеуін қорғап шықты.

Бейбіт осыған дейін сәуір айында Алматыда өткен осындай Әлем біріншілігінде «KUNLUNFIGHT» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Кейін, көп ұзамай маусым айында Бейжің қаласында өткен кезекті әлемдік додада ол жергілікті сайыпқыран Бухао Тянды жеңіп, өз белбеуін бірінші рет қорғаған болатын.

0
0
176

Серікбол Сайлаубек: Көзілдірікті денсаулығыма байланысты шешпеймін

Бүгін «Таңшолпанда» әнші Серікбол Сайлаубек қонақ болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Бүгін «Таңшолпанда» әнші Серікбол Сайлаубек қонақ болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. «Мамыр айынан бастап, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістанды аралап, 51 тегін концерт қойдым. Оған дейін үнтаспам шыққан еді, оны да халыққа тегін тараттым. Халықтың маған ақшасы емес, батасы қымбат. Сондықтан барлық жерде концерт 2 сағатқа созылды. Мәдениет үйінде емес, Орталық алаңда өткіздім. Алдағы уақытта Маңғыстау, Қызылорда және солтүстік облыстарға бару жоспарда бар», - дейді ол. Сондай-ақ, әнші көзілдірікті шешпейтінінің себебін түсіндірді. «Халықтан ештеңені жасырмаймын. Бір көзім мүлдем көрмейді. Екінші көзім -4,5. Мына көзілдірік арнайы жасалған. Сондықтан денсаулығыма байланыс…

0
0
354

«Таңшолпанда» — «Бабадан қалған байтағым» ақындар айтысының жеңімпазы Әсем Ережеқызы

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында «Бабадан қалған байтағым» атты ақындар айтысының бас жүлде иегеріӘсем Ережеқызы қонақ болды. «Ақтөбеде өткен айтыс - Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық дода. Еліміздің түкпір-түкпірінен 9 ақын, Ақтөбе өңірінен 9 ақын қатысты», - деді ол. Бағдарлама барысында айтыскер ақын шәкірттері туралы да айтты. «Қыркүйек айында Алматыда өткен республикалық айтысқа шәкіртім Бибігүл Тілеболдинова қатысты. Сондай-ақ, Айсәуле Бейсенхан менен тәлім алады. Алдыма келіп, кеңес сұраған жастардан көмегімді аямаймын», - дейдіӘсем Ережеқызы. Сондай-ақ, ол қазіргі жас айтыскерлерге көңілі толатынын, олардың айтысқа деген құлшыныстары ерекше екенін айтып өтті. Ал, айтыстан жеңілген кездегі көңіл-күйі туралы былай дейді: «Жеңу мен жеңілу де шартты нәрсе болып ба…

0
0
1098

Бүгін — Шона Смаханұлы мен Жұбан Молдағалиевтің туған күні

Ақын, сатирик Шона Смаханұлы әдебиетке өткен ғасырдың 50-жылдары келді.

Жұбан Молдағалиев – майдангер ақын. 1940 жылы әскерге алынып, 1947 жылы майданнан аман-есен оралған. Елге келген соң, бірден шығармашылықпен айналысқан.

1949 жылы «Жеңіс жырлары» деген атпен тұңғыш жыр жинағын шығарған. Өзінің адуынды жырларымен әдебиет әлеміне тез танылды. «Мен - қазақпын» поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналды.

Ақын, сатирик  Шона Смаханұлы әдебиетке өткен ғасырдың 50-жылдары келді. «Тотияйын» атты тырнақалды туындысымен сатира әлеміне еніп кетті.

Одан бері жарық көрген «Шимайбек пен Шыңқ етпе», «Қу түлкінің сыбағасы», «Көріп жүр ғой көздерің...» атты кітаптары шыққан.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
756

«Ұлы Дала дауысы». «Дәстүрлі ән» аталымында 10 үміткер бағын сынайды

Олар: Армат Исламғалиев, Бейбіт Мұсаев, Дәуренбек Әркенов, Жақсыкелді Маясаров, Зүлфия Баймұрзаева, Күлімхан Жұмалиева, Қазыбек Адыкеев, Нұрболат Құсайынов, Нұрым Асқанов, Перизат Тұрарова.

IV Халықаралық «Ұлы дала дауысы» радиофестивалінің «Дәстүрлі ән», «Күйші», «Этноаспаптық ұжымдар» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру басталды. Үздік орындаушыларға http://daladauysy.kaztrk.kzсайты арқылы дауыс беруге болады.

Айта кетейік, «Дәстүрлі ән» аталымында - 10, «Күйші» аталымында – 6, «Этноаспаптық ұжымдар» аталымында 6 үміткер бағын сынайды.

Дауыс берудің апталық қорытындысын 8 қазанда сағат 19:05-те Қазақ радиосының әуе толқынына шығатын «Ұлы Дала дауысының» күнделігінен» тыңдай аласыздар.

«Ұлы Дала дауысының» жүйріктерін бірге анықтайық, үздік әнге дауыс беріңіздер!

0
0
847

«Тарих тағылымы». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сұхбаты

Елбасы сұхбатын бүгін сағат 19:30-да көріңіздер.

Бүкіл Қазақ елі хандықтың 550 жылдық мерекесін тойлауды ресми түрде бастаған сәтте Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына сұхбат берді.

Тарихтан терең сыр шертетін танымдық әңгімеде қазақ ұлтының өткені мен болашағы жан-жақты сөз болып, ұрпақтар сабақтастығының салиқалы жолы дәріптеледі.

«Тарихтан терең сыр шертетін танымдық әңгімеде қазақ ұлтының өткені мен болашағы жан-жақты сөз болып, ұрпақтар сабақтастығының салиқалы жолы дәріптеледі», - дейді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын бүгін сағат 19:30-да Ұлттық арнада көре аласыздар.

0
0
211

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғыз елдерінің өнерпаздары қатысқан.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Барыс» мұз айдынында «Мәңгілік ел» театрландырылған концерті өтті. Үш мыңға тарта адам қатысқан қойылымды бүгін сағат 18:00-де Ұлттық арна эфирінен көріңіз.

Шара шымылдығы - «Туған жер» хореографиялық композициясымен ашылады. Мерекелік қойылым 7 бөлімнен тұрады. Мерекелік шараға астаналық мектеп оқушыларынан бастап танымал актерлар қатысқан.

«Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымын сағат 18:00-де көріңіз.

0
0
421

«Келбет» бағдарламасында – Төлен Әбдік

Төлен Әбдік туралы бағдарламаны бүгін сағат 14:30-да көріңіз.

«Келбет» бағдарламасының бүгінгі шығарылымы Халықаралық Ф.Кафка сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы – Төлен Әбдікке арналады.

Төлен Әбдіктің шығармалары ең алғаш 1964 жылдан бастап жариялана бастаған. «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шыққан. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған.

«Келбет» бағдарламасын бүгін сағат 14:30-да көріңіз.

0
0
728

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесін тікелей эфирде көрсетеді

4 қазанда Алматыда халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесі өтеді.

Жарысқа Еуропа мен Азиядан (барлығы 17 мемлекет) 20 команда қатысады. Олардың арасында еліміздің «Astana Pro Team» мен ресейлік «Katusha»  сияқты кәсіби, «Rusvelo» сияқты құрлықтық 14 велокомандалары бар. Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан мен Моңғолияның Ұлттық құрамалары бақ сынайды.

«Тур Алматы-2015» сайысының барлық қатысушылары 31 шақырымдық шеңберді 6 рет айналады. Осылайша Алматының жолдарында өтетін критериум жарысының жалпы ұзындығы 186 шақырым болмақ.

Ал, көрермендер мен жанкүйерлер велобәйгені «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Көрсетілім 4 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 12:55-те жарысты «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
275