Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Көлігіңіздің дөңгелегін ауыстырып үлгердіңіз бе?

Назар аударатын жайт - қысқы резеңкелерді маусымына қарай сақтау. Көлік жүргізушілері маусым ауысар сәтте дайындық жұмыстарын бастайды. Олардың қатарында жазғы шинаны қысқыға ауыстыруды жатқызамыз. Суық мезгілге көлікті баптау – уақыт күттірмейді. Себебі күн күрт суытқанда әбігерге түсіп, уақыт жоғалтасыз. «Шинаны ауыстыру үшін міндетті түрде қар жауып, ауа температурасының төмендегенін күтудің қажеті жоқ. дөңгелек шығаратын компаниялардың сайтына кіріп қарасаңыз, қысқы маусымға дайындықты +6, +8 градус жылы болғанда кірісе беруге болады», - дейді маман Андрей Мухортов Назар аударатын жайт - қысқы резеңкелерді маусымына қарай сақтау. Дөңгелекті ешқашан күннің көзі тік түсетін жерге қоюға болмайды. Себебі кеуіп қалса, қатайып, қолданысқа келмей қалады. Сонымен қатар, қысқы резеңкелерді таң…

0
0
233

«Жарқын бейне» бағдарламасы Мариямгүл Төлегенованы еске алады

Бұл туралы бүгін сағат 13:20-да «Жарқын бейне» бағдарламасынан көре аласыздар.

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәриямгүл Төлегенова 1952 жылы  дүниеге келген. Ол 1979 жылы қазіргі Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген.

Мәриямгүл Төлегенова Қазақ Ұлттық консерваториясында педагогикалық қызметпен де айналысқан. Сондай-ақ, Б.Төлегенова атындағы Халықаралық әншілер байқауының үйлестіруші-директоры болған.

Мариямгүл Төлегенова туралы бағдарламаны бүгін сағат 13:20-да көріңіз.

0
0
857

«Қазақстан дауысы» — «Шайқас» кезеңі басталды

«Шайқас» кезеңінде бақ сынайтын қатысушыларға Ұлттық арнамен бірге сағат 21:00-де жанкүйер болыңыз!

Бүгін «Қазақстан дауысы» жобасының үшінші маусымының «Шайқас» кезеңі басталады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жобада өзгеріс көп. Тәлімгерлердің бірі – Медеу Арынбаевтың орнына әнші Рүстем Нұржігіт келді.

Сондай-ақ, биыл «Нар тәуекел» атты жаңа кезең қосылған. Бұл кезең қатысушыларға екінші мүмкіндік бермек.

Жобаның «Шайқас» кезеңіне өткен үміткерлер:

Нұрлан Албанның тобы:

0
0
286

«Мәңгілік ел». Халықаралық ақындар айтысының 2-бөлімі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында өткен Халықаралық ақындар айтысты бүгін сағат 15:05-те көріңіз.

Мемлекеттік деңгейдегі Халықаралық ақындар айтысы «Нұр Отан» партиясының және Жамбыл облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен.

Сөз додасына Қытай, Моңғолия елінің ақындарынан бөлек, еліміздің от ауызды, орақ тілді ақындары Айбек Қалиев, Болатбек Оразбаев, Еркебұлан Қайназар, Мақсат Ақанов, Мейірбек Сұлтанхан, Ринат Зайытов және тағы басқа ақындар қатысқан.

Айтыстың жүргізушісі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері – Жүрсін Ерман.

Ақындардың сөз сайысын бүгін сағат 15:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
454

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының орталық ойынын бүгін сағат 17:50-де Ұлттық арнадан тікелей эфирде көріңіз.

25 қазанда футболдан Премьер Лиганың 30-шы туры аясында Алматыдағы «Орталық стадионда» жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» клубтары кездеседі.

Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Қазіргі кезде «Қайрат» 39 ұпаймен чемпионатта көш бастап тұр. Ал, 34 ұпайы бар «Астана» 2-ші орында келеді. Алайда, астаналық команда біріншілікте бір ойынға кем ойнаған.

0
0
293

«Жаңа қоныс» телехикаясын көріңіз

Телехикаяның 5,6- бөлімдерін бүгін сағат 14:35-те көріңіз.

Телехикаяда қозғалатын тақырып – пәтер жалдап тұратын отбасының қызықтары. Қалаға көшіп келген көптеген жанұялардың басынан өтетін бұл мәселе көрермендерге өте жақын, деп айтуға болады.

Себебі, көрермен өзіне етене жақын, таныс оқиғаларды комедиялық қырынан көргенде еріксіз езу тартатыны анық. Қызыққа толы «Жаңа қоныс» комедиялық сериалын бүгін сағат 14:35-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
177

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мәнерлеп сырғанаудан «Skate America-2015» жарысының гала-шоуын тікелей эфирде көрсетеді

Мәнерлеп сырғанаудан 2015/2016 Гран-при маусымының алғашқы кезеңі қазан айында басталса, соңғы кезеңі желтоқсан айында аяқталады. Әлемнің үздік ерлер мен әйелдер мәнерлеп сырғанаушыларының арасында өтетін турнир 6 кезеңнен тұрады. Қытысыушылар еркін бағдарлама, жұптық сырғанау және мұз биі санаттары бойынша сынға түседі. Жарыстың ең үздік алты спортшысы жыл соңында Гран-при турнирінің ақтық сайысына қатысуға жолдама алады. Биылғы турнирге 15 жастан асқан спортшылар қатыса алады. Гран-при маусымының кезеңдері – 2015: 1 кезең: «Skate America 2015» АҚШ, Милуоки 23-25 қазан. 2 кезең: «Skate Canada 2015» Канада, Летбридж 30 қазан және 1 қараша. 3 кезең: «Cup of China 2015» Қытай, Бейжің 6- 8 қараша. 4 кезең: «Trophée Eric Bompard 2015» Франция, Бордо 13-15 қараша. 5 кезең: «Cup of Russia 2015»…

0
0
231

«Барыс» хоккей клубы сырт айдындағы «Слован» командасынан ұтылып қалды

Қақпашы Алексей Иванов снарядты бір рет қасынан қалт жіберсе, оны алмастырған Ян Лацо 3 соққыға тосқауыл қоюға қауқарсыз болды.

Ал, ақырғы шайба бос қақпаға тоғытылды. Астаналық клубтың сапынан – Доус, Боченски және Бойд Братиславада дәлдік танытқан. Бұл жеңілістен кейін «Барыс» 29 ұпаймен 24-орынға қайта төмендеді.

Енді ертең жерлестер Загреб қаласында жергілікті «Медвешчак» клубымен шеберлік байқаспақ. Әзірге, қос қарсыластың жеке кездесулер көрсеткіші тең, 2:2!

0
0
195

«KAZsport» телеарнасы комментаторларға кастинг жариялайды

Кастинг 27 қазан күні Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өткізіледі. Түйіндемелерді 25 қазанға дейін [email protected] адресіне жіберу қажет. Бұл - 2015 жылы өткізіліп отырған үшінші байқау. Алғашқы екі конкурстың нәтижесінде таңдалып алынған үш комментатор қазіргі уақытта «KAZsport» телеарнасында жемісті қызмет атқаруда. Кастингтің нәтижесінде спорттық арнада алғаш рет мәнерлеп сырғанау және көркем гимнастика трансляцияларында қазақша әйел дауысының пайда болғанын ерекше атап өту керек. «KAZsport» телеарнасының жаңа комментаторы Лилиана Әлжанова мәнерлеп сырғанаудан Шанхайда, көркем гимнастикадан Штутгарт қаласында өткен әлем чемпионаттарындағы жұмысы үшін көрермендерден жоғары баға алды. Сондай-ақ, Лилиана 23 қазан күні тұсауын кесетін мәнерлеп сырғанаудан «Гран-при» сериясының…

0
0
350

«Ас болсында» — Әзірбайжан елінің асханасы

«Ас болсын» бағдарламсының екінші маусымын бүгін сағат 10:45-те көріңіз.

Қазақстанды жүзден астам ұлыс өкілдері мекен етеді. Ал, сол ұлыстардың асханасы – мәдениетінің ажырамас бөлігі екені анық. Біз осы түрлі ұлт өкілдерінің асханасына бағдарлама арнау арқылы, ұлттар достастығын арттыруды көздедік.

Бүгінгі хабар Әзірбайжан елінің асханасына арналады. Әзірбайжан ұлтының әуесқой аспазы мен кәсіби аспаз бір тағам істеп сайысқа түседі. Аспаздар жасаған тағамның дәмдісін сарапшы мамандар анықтайтын болады.

«Ас болсын» бағдарламасын бүгін сағат 10:45-те көріңіз.

0
0
642