Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Поэзия әлемінде» ақын – Салтанат Смағұлова

Бүгін сағат 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Салтанат 1982 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Бірнеше аймақтық, облыстық, республикалық басылымдарда және сайттар мен порталдарда өлеңдер топтамалары жарық көрді.

Шығармашыл жастардың ХҮ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Педагогика ғылымдарының магистрі. Қазіргі таңда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарады.

Салтанат Сұмағұлова туралы хабарды бүгін сағат 12:30-да көріңіз.

0
0
719

«Қайрат»-«Астана» матчына павлодарлық Игорь Алешин төрелік етеді

25-қазанда ҚПЛ-дың 30-туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» кездеседі.

Ойынның бас төрешісі болып павлодарлық Игорь Алешин тағайындалды. Оған атыраулық Анатолий Ходин мен тараздық Дмитрий Филоненко көмектеседі. Қосымша көмекшілер: Артём Кучин (Қарағанды), Болат Карлибаев (Орал) және резервтегі төреші – алматылық Алексей Шабанов.

Еске сала кетейік, Алматыдағы «Орталық стадионда» өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
519

«Қазақстан» телеарнасымен табысқа жету жолы

«Қазақстан» телеарнасы телекөрермендерді осы жылдың қараша айында жаңа отандық өніммен қуантады. Осы жолы телекөрермендердің назарына 32 сериялық «Таңдау» көркем телехикаясы ұсынылады. Хикаяның басты кейіпкерлері жаңа ғылыми жобаны ашуға ұмтылған төрт дос жайлы. Кейіпкерлер арқылы нағыз достықтың үлгісі көрсетіледі. Шетелден келіп түскен көптеген ұсыныстарға қарамастан, олар өз үлестерін туған елдің дамуына қосуды көздейді. Көптеген қиындықтарды бастан өткергеннен кейін, мемлекеттен қолдау алудан үміт үзіп, инвестицияларды жан-жақтан іздей бастайды. Телехикая аяқталар тұста отандық IT компанияның басшылығынан көмек сұраған кезде ғана елімізде өз ісін дамытудың барлық шарттары мен бірдей мүмкіндіктері жасалғанын біледі. «Таңдау» хикаясының драмалық сюжетінде, ең алдымен, қазақстандықтардың…

0
0
912

Ұлт мақтанышы!

Орта салмақ дәрежесінде бокстан 3 дүркін әлем чемпионы Геннадий Головкин 2015 жылғы 18 қазанда «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында төртінші рет чемпион атанды. Қазақстан халқы Геннадий Головкин мен канадалық боксшы Давид Лемьенің жекпе-жегін асыға күтті. Геннадий, өз кезегінде, Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша экс-чемпионы Давид Лемьені 8-раундта жеңіп, ел үмітін ақтады. Бұл жекпе-жек бокс жанкүйерлерінің көңілінен шыққан кәсіпқой бокстағы әсерлі оқиға болды. Головкин-Лемье жекпе-жегін «Қазақстан» және «KAZSPORT» арналары тікелей эфирде көрсетті. 3,5 миллионнан астам қазақстандық жекпе-жекті тікелей эфирде тамашалады. Сондай-ақ, «Қазақстан» телеарнасы жекпе-жекті таңертең көре алмаған көрермендер үшін қайталауын сағат 13.00-де және 18.55-те көрсетті. Жекпе-жектің қайтал…

0
0
357

Қазақстан футбол алпауыттарының шешуші ойыны

25 қазан күні, сағат 17.50-де Қазақстан Премьер-Лигасының 30-шы турының орталық матчы - «Қайрат» ФК және «Астана» ФК арасындағы көптен күткен ойынының куәгері боламыз. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан Қазақстан футболының қос алпауытының ойыны футбол жанкүйерлері үшін айтулы оқиға болғалы тұр. Турнир кестесінің нәтижелері бойынша «Қайрат» «Астанадан» 5 ұпайға алда тұр. Бұл ойын кімнің мықты екенін анықтайтын шешуші айқас. Чемпиондыққа талас барысында «Астана» «Қайраттың» қарқынына төтеп бере ала ма? Тартыстың соңы қандай нәтижемен аяқталады? Осы және басқа да шиеленістердің нәтижесін футбол айқасының соңында білетін боламыз. Алаңдағы алпауыттардың ойынын қос команданың жанкүйерлері тағатсыздана күтіп, қазақстандық «эль-классико» футбол матчын тамашалауға әзір. Осы жексенбіде, «Қазақста…

0
0
370

Владимир Кличко: Геннадий Головкин — теңдесі жоқ дарын иесі

Танымал украин боксшысы Владимир Кличко Головкин мен Лемье жекпе-жегі туралы пікірін айтты.

Танымал украин боксшысы Владимир Кличко Головкин мен Лемье жекпе-жегі туралы пікірін айтты.

«Геннадий Головкинді бақылап жүрмін! Ол - теңдесі жоқ дарын иесі. Лайым солай болсын!» - деп Владимир Кличко өзінің Твиттердегі парақшасына жазған.

Еске сала кетейік, кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий  Головкин IBF чемпионы Давид Лемьені 18-қазан күні өткен жекпе-жектің 8-ші раундында теxникалық нокаутпен жеңген болатын.

0
0
376

Мен Қазақстанды жақсы көремін – Головкин

Геннадий Головкин Н.Назарбаев жолдаған құттықтауға алғыс айтты Бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатына алғыс білдірді. Бұған дейін Мемлекет басшысы Геннадий Головкинге оның канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдаған еді. «Мен Қазақстанды жақсы көремін. Президент Назарбаев жолдаған құттықтау хатқа ризашылығым шексіз», - деп жазды Головкин ресми твиттер парақшасына. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы ҚР Нью-Йорктегі Бас консулымен түскен суретін жариялады. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен ұтып, кәсіпқой рингтегі 34-ші жеңісі…

0
0
273

Олжас Сыдықбек: Ұлттық музейде әншілердің қатысуымен «Жұлдызды гид» шарасы өтеді

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында ҚР Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік жұмыстар бөлімінің жетекшісі Олжас Сыдықбек қонақта болды. Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында ҚР Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік жұмыстар бөлімінің жетекшісіОлжас Сыдықбек қонақта болып, қызметі мен шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. «Ұлттық музейде қараша айының 26-сы күні «Жұлдызды гид» шарасын ұйымдастырамыз. Онда эстрада жұлдыздары музейде бір күн экскурсовод болады. Әр залда Досымжан Таңатаров, Майра Ілиясова, Тамара Асар сынды әншілер экскурсия жүргізеді. Қазір Жақсылық Үшкемпіровпен келіссөз жүргізілуде. Шараға астаналықтар мен қала қонақтарын шақырамыз», - дейді Олжас Сыдықбек. Сондай-ақ, ол Астана тұрғындары мен қонақтарының музейге келу деңгейі туралы айтты. «Музей 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылғ…

0
0
446

Нобель сыйлығының тарихы

Нобель 63 жылдық ғұмырында 355 өнертабысын 5 түрлі елде патенттеген. Альфред Нобель – Швеция астанасы Стокгольмде дүниеге келген. Ол отбасындағы 8 баланың үшіншісі болған. 1842 жылы әкесі Санкт-Петербург қаласына көшіп келеді. Бірақ Альфред 16 жасқа толғанда оны Еуропаға жібереді. 2 жылда ел аралап келген Альфред бірден отбасылық фабрика ашуға ниеттенеді. Осылайша, орыс әскерлеріне қару-жарақ жасайтын шағын зауытын ашады. Дегенмен, Ресейдегі төңкерістердің салдарынан отбасылық бизнесі банкротқа ұшырап, Альфред әкесімен бірге Швецияға қайтады. 1868 жылы Альфред Нобель динамит жасауға патент алады. Жарылғыш құрылғыға қызығушылық танытқандар саны күн санап өседі. Дегенмен, зауытта болған жарылыстың бірінде Нобельдің Эмиль атты інісі және бірнеше жұмысшы қаза табады. Альфред Нобель өнертапқыш…

0
0
566

Ұлттық арна «Таңдау» көркем телехикаясын ұсынады

Хикая режиссері - Айдын Сахаманов, сценарий авторы – Ляззат Түлкібаева. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы телекөрермендерді осы жылдың қараша айында жаңа отандық өніммен қуантады. Осы жолы телекөрермендердің назарына 32 сериялық «Таңдау» көркем телехикаясы ұсынылады. Хикаяның басты кейіпкерлері жаңа ғылыми жобаны ашуға ұмтылған төрт дос. Кейіпкерлер арқылы нағыз достықтың үлгісі көрсетіледі. Шетелден келіп түскен көптеген ұсыныстарға қарамастан, олар өз үлестерін туған елдің дамуына қосуды көздейді. Көптеген қиындықтарды бастан өткергеннен кейін, мемлекеттен қолдау алудан үміт үзіп, инвестицияларды жан-жақтан іздей бастайды. Телехикая аяқталар тұста отандық IT компанияның басшылығынан көмек сұраған кезде ғана елімізде өз ісін дамытудың барлық шарттары мен бірдей мүмкіндіктері жасалғанын білед…

0
0
698